Саясат

Қазақстан 120 әскери қызметкерін Ливанға жібереді

© Sputnik / Анатолий Устиненкооқу-жаттығу, архив
оқу-жаттығу, архив - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық бітімгерлер Ливанға осы жылдың күзінде аттануы мүмкін

АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Қорғаныс министрлігі өз әскери қызметшілерін бітімгерлік миссиялардың біріне жібермек. Бұл туралы бүгін ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Қарулы Күштердің офицері подполковник Асқар Қожағалиев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстандық бітімгер Батыс Сахарадан оралды

"Біз қазір бөлімшені бітімгерлік миссиялардың біріне жіберу үшін үлкен дайындық жұмысын жүргізіп жатырмыз. Бұған дейін біз бітімгерлік қызметке жекелеген офицерлерді штаб офицері, офицер-бақылаушы ретінде ғана жіберу арқылы қатысып келдік. Қазір барлық кезеңнен өттік, тек БҰҰ талап етіп отырған стандарттық процедуралар ғана қалды. Осы жылдың күзіне қарай – қыркүйек, қазан айларында 120 адамды болжам бойынша Ливанға жібереміз", — деді вице-министр. 

Ол Қазақстанда бітімгерлік қызмет туралы заң қабылданып, кепілдік, қауіпсіздік секілді әлеуметтік мәселелер келісілгенін атап өтті. 

"БҰҰ-мен етене жұмыс істеп жатырмыз. Мен өзім Ливанда болдым, бітімгерлік миссия жүргізетін төңіректі көріп қайттым. Бұл бейбітшілікті қолдау бойынша бітімгерлік миссиясы", — деді Мұхтаров.

Жаңалықтар
0