Саясат

Армения президенті Назарбаевқа телефон соқты

© AFP 2024 / JOHN MACDOUGALL Ақорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Телефон арқылы сөйлесуге Армения жағы бастамашы болды

АСТАНА, 26 сәуір — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Армения Республикасының президенті Армен Саркисянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин - Sputnik Қазақстан
Саясат
Путин Назарбаевқа қоңырау соқты

Мемлекеттер басшылары әңгімелесу барысында Армениядағы қазіргі ішкі саяси ахуал жөнінде пікір алмасты.

Нұрсұлтан Назарбаев достас Армения халқына бейбіт өмір мен тыныштық тілеп, барлық мүдделі тараптың туындаған саяси дағдарысты Армения Конституциясына сәйкес және заң үстемдігі негізінде диалог арқылы шешуінің маңызды екенін атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Армения жағы бастамашы болды.

Жаңалықтар
0