Саясат

Қазақстан әскери қуатын арттырып жатыр: қорғаныс шығындары өсті

© Sputnik / Анатолий УстиненкоОтардағы әскери парадқа дайындық
Отардағы әскери парадқа дайындық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қорғанысқа республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін қаржы көбейген

АСТАНА, 5 мамыр — Sputnik. Қазақстан қорғаныс қабілетінің шығындарын 20%-ға арттырды: осы жылдың екі айында әскерді дамытуға 80 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалды, деп хабарлады Finprom агенттігі.

Қаңтар-ақпанда мемлекеттік бюджеттен қарастырылған жалпы шығын 1,9 триллион теңгеге жетті.  

"Оның ішінде 2018 жылдың қаңтар-ақпанында қорғанысқа 78,9 миллиард теңге бөлінді, бір жыл бұрын 65,9 миллиард теңге жұмсалған болатын (өсім — 19,8%)", — деп жазылған хабарламада.

2017 жылы жергілікті бюджеттер қорғанысқа 30 миллиард теңгеге тарта қаржы бөлген. Бұл салаға ең көп қаржыны Қазақстанның үш өңірі құйды: Алматы қаласы, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстары.

Алматы — 5,3 миллиард теңге;

Алматы облысы – 4,1 миллиард теңге;

Оңтүстік Қазақстан облысы — 3,4 миллиард теңге.


Жаңалықтар
0