Саясат

Путин Назарбаевтың қандай қасиетіне таңғалатынын айтты

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуНұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҚР президенті телерадиокешенінің бас директоры Ерлан Бекхожин Ресей президенті Владимир Путинмен сұқбаттасты

АСТАНА, 10 мамыр — Sputnik. Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшы ретіндегі айрықша ерекшеліктерін атап өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Шынымды айтсам, мені әрдайым қуантатыны және таңғалдыратыны, Нұрсұлан Әбішұлы кеңес заманында-ақ тамаша мансап жасап алды. Бұл мені әлі күнге дейін таңғалдырады. Кеңес заманына қарамастан, ол үнемі болашаққа ұмтылатын адам. Бұл таңғаларлық қасиет", — деді Путин сұқбат барысында.

Ресей басшысы Қазақстан президентінің ешкімнен қорықпай, айналасына іскер, талапшыл жастарды жинай білетін ерекше қасиетін атап өтті.

"Ол ешқашан қасына мықты адамдарды жинаудан қорықпайды. Бұл кез келген мықты басшының айрықша ерекшелігі. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай дана, белсенді, дарынды көшбасшы", — деді Ресей президенті.

 

Жаңалықтар
0