Саясат

Астана процесінің кезекті кезеңі жабық өтіп жатыр

© Sputnik / Болат ШайхиновАстанадағы Сирия келіссөздері, архивтегі фото
Астанадағы Сирия келіссөздері, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сирия үкіметінің делегациясын Башар Джаафари бастап келді

АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Елордада Сириядағы жағдайды реттеуге байланысты Астана процесінің кезекті кезеңі басталды, деп хабарлады 24.kz.

Сирияда - Sputnik Қазақстан
Әлем
Сирия әуе базасына шабуыл жасалды

Келіссөздер жабық жағдайда өтіп жатыр. Мәлім болғаны, Сирия үкіметінің делегациясын Башар Джаафари бастап келді. Сол сияқты Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдерді де қатысып жатыр. 

Ал ұйым бас хатшысының Сирия мәселесіне жауапты арнайы өкілі Стаффан ди Мастура Астанаға бүгін түнде келуі тиіс.

Сирия келіссөздерінің тоғызыншы кезеңіне Америка Құрама Штаттары қатыспайтыны белгілі болды. Ақпаратты ҚР сыртқы істер министрлігі растады. 
Жаңалықтар
0