Саясат

Фотодерек: Назарбаев ЕАЭО елдері басшыларымен бірге жағалауда серуендеді

© Sputnik / Михаил Климентьев / Медиабанкке өтуЕуразиялық экономикалық одақ елдерінің басшылары Сочиде жағалауда серуендеп жүр
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің басшылары Сочиде жағалауда серуендеп жүр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Беларусь, Қазақстан, Қыргызстан және Ресей президенттері, сондай-ақ Армения премьер-министрі Сочидегі ЕАЭО саммитінде кездесті

АСТАНА, 15 мамыр — Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері басшыларының Сочиде жағалауда серуендеп жүрген сәтін фотографтар суретке түсіріп алды. 

Фотосуретке қарағанда, Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстан және Ресей басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путинге бірдеңе айтқан. Ал олар күліп келе жатыр.

© Photo : ҚР президентінің ресми сайтыНұрсұлтан Назарбаев, Владимир Путин және Александр Лукашенко Сочиде жағалауда серуендеп жүр
Нұрсұлтан Назарбаев, Владимир Путин және Александр Лукашенко Сочиде жағалауда серуендеп жүр  - Sputnik Қазақстан
Нұрсұлтан Назарбаев, Владимир Путин және Александр Лукашенко Сочиде жағалауда серуендеп жүр
 Олардың қасында Молдова президенті Игорь Додон, қырғыз басшысы Сооронбай Жээнбеков және Арменияның жаңа премьер-министр Никол Пашинян келе жатыр. 

Дүйсенбі күні Сочиде Жоғары Евразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтті.  

ЕАЭО — Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік базасында құрылған халықаралық интеграциялық экономикалық ұйым. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейді. Қазір одаққа Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей мүше.  


Жаңалықтар
0