22:36 25 Мамыр 2018
Тікелей эфир
Сирия бойынша келіссөздер

Сирия бойынша келіссөздердің келесі раунды Сочиде өтеді

© Sputnik / Болат Шайхинов
Саясат
Қысқа сілтеме алу
Астанадағы Сирия бойынша келіссөздер (52)
8 0 0

Сирияаралық келіссөздердің кепіл елдері келесі раундты Ресей аумағында өткізуге шешім қабылдады

АСТАНА, 15 мамыр — Sputnik. Сириядағы ахуалды реттеу бойынша келіссөздердің оныншы раунды шілде айында Сочиде өтеді, деп Қазақстан СІМ басшысының орынбасары Ержан Ашықбаев кепіл елдердің ортақ мәлімдемесін оқыды.

Астанада басқа кездесулер өткізу туралы әзірге айтылған жоқ, деп мәлімет берді Ашықбаев.

"Әлбетте, болмайды дей алмаймыз. Қазір басқа жерде өтетін алдағы кездесулер күні белгіленді. Одан кейін келесі раундтар Астана алаңқайында өтуі де мүмкін", — деді Ашықбаев тілшілерге.

Ресей президентінің Сирия бойынша арнайы өкілі Александр Лавреньев мәлімдегендей, Астаналық алаңқай жабылды деуге болмайды.

"Сочиде жоспарлы кездесу өткізу Астанада енді келіссөздер болмайды деген сөз емес. Біз тек келесі кезеңді белгіледік – Сочиде өтеді", — деді Лавреньев, деп жазады РИА Новости.

Астанада 14-15 мамырда Сириядағы ахуалды реттеу бойынша келіссөздердің тоғызыншы раунды болды.


Тақырып:
Астанадағы Сирия бойынша келіссөздер (52)
Кілт сөздер:
сириялық қақтығысты реттеу, Сирия бойынша кездесу, Сочи, Астана

Басты тақырыптар