Саясат

"Яндекс" басшысы Назарбаевқа: қалыптасқан қолайлы жағдайды пайдалана білу керек

© Photo : Фотохост БРИКС / Медиабанкке өтуЯндекс бас директоры Аркадий Волож
Яндекс бас директоры Аркадий Волож - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елбасы Аркадий Волож ТМД-дағы цифрлық экономиканы алғаш қолға алғандардың бірі екенін атап өтті

АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Яндекс" компаниялар тобының жетекшісі Аркадий Воложбен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Биткоин монетасы. Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев пен Возняк валюта жайлы әңгімелесті

Нұрсұлтан Назарбаев Аркадий Волождың Қазақстанның тумасы және оның ТМД-дағы цифрлық экономиканы алғаш қолға алғандардың бірі екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы цифрландыру саласында ресейлік компаниялармен бірлесе жұмыс жүргізудің маңыздылығына тоқталып, Алматыда тақырыптық форум өткенін айтты.

А.Волож Ресейде де, Қазақстанда да жаһандық және жергілікті компаниялар бір нарықта ашық жұмыс жүргізу үшін қалыптасқан қолайлы жағдайды пайдалана білу керектігін атап өтті.  

Әңгімелесу барысында тараптар ІТ-хаб және "Астана" халықаралық қаржы орталығы аясындағы ынтымақтастық мәселелерін де талқылады.


Жаңалықтар
0