Саясат

Назарбаев: қазіргі жағдай елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға мәжбүрлейді

© Еркен САЛИХОВKADEX көрмесі. Архивтегі фото
KADEX көрмесі. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"KADEX-2018" көрмесінде әлемнің жетекші өндірушілерінің қару-жарағы мен әскери техникасы, әскери және екі мақсаттағы өнімдері, ғарыш техникалары мен технологияларының үлгілері, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы әзірлемелері ұсынылған

АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев V халықаралық "KADEX-2018" қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесін  ресми түрде ашты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Президент алықаралық "KADEX-2018" қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесіне жиналғандарды шараның ашылуымен құттықтады. 

Отардағы әскери парадқа дайындық - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қазақстан әскери қуатын арттырып жатыр: қорғаныс шығындары өсті

"Бесінші рет өткізіліп отырған айтулы іс шара биыл Астананың 20 жылдығымен тура келіп отыр. "Қазақстандағы ғарыш күндері" атты халықаралық форумның ұйымдастырылуы – биылғы көрменің басты ерекшелігі. Мұнда әлемдік ғарыш саласының жетістіктеріне арналған арнайы павильон ашылды. Бүгінде "KADEX-2018" қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі ақпараттық қауіпсіздік саласындағы маңызды шараға айналды. Әлемнің 28 елінен келген 318 кәсіпорын өз өнімдерін көрмеге ұсынып отыр. Көрме қонақтары қорғаныс өнеркәсібі кешені мен ғарыш саласының соңғы жетістіктерімен танысады", — деді Елбасы.

Назарбаев бұл ретте электронды жүйелі байланыс, қару-жарақты басқару жүйесін дамыту ісіне баса мән берілгенін айтты. 

"Ақпараттық қауіпсіздік саласын жетілдірудің тың жолдарына да назар аударылды. Көрме Қазақстанның қорғаныс өнеркәсібінің әлеуетін арттырып, оны жаңа деңгейге көтеруге септігін тигізеді деп сенеміз. Осы шараға қатысушылар арасында тиімді келісімшарттар жасалуына тілектестік білдіремін", — деді президент. 

Мемлекет басшысының айтуынша, қазір әлемде қалыптасқан жағдай әр елді  қорғаныс қабілетін нығайтуға мәжбүрлейді. Қазақстан да ҰҚШҰ аясында осы саланы дамытып жатыр.  

"Біздің ел барлық жақын және алыс мемлекеттермен бейбіт саясат жүргізетінін білесіздер. Алайда әлемдегі қазіргі жағдай барлық мелекетті елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға мәжбүрлейді. Біз де ҰҚШҰ аясында осыны жасауға тырысып жатырмыз. Қарулы күштердің қорғаныс саласын  дамыту мемлекет басымдықтарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асырудың пәрменді құралдарының бірі – халықаралық "KADEX-2018" көрмесі", — деді Назарбаев.

Тапанша - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қазақстан Сенаты қару-жарақ саудасы туралы келісімді ратификациялады

Айта кетсек, 23-26 мамыр аралығында Астанада халықаралық әуежайдың әскери секторы аумағында мерейтойлық V халықаралық "KADEX-2018" қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі өтеді. Көрме алғаш рет  ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қамқорлығымен ұйымдастырылып отыр. Көрмеде әлемнің 28 елінен 318 кәсіпорын өз өнімдерін көрсетеді, оның ішінде Беларусь, Бельгия, Болгария, Бразилия, Германия, Израиль, Үндістан, Испания, Италия, ҚХР, Нидерланды, РФ, АҚШ, Сербия және тағы басқа елдер бар. 

Биыл көрмеде 10 павильон жұмыс істейді, олардың ішінде: Түркия, Қытай және Ресейдің 3 жеке павильоны, қазақстандық "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ, "Қазақстан Парамаунт инжиниринг" ЖШС, "Қазтехнология" АҚ кәсіпорындарының павильондары, одан бөлек ғарыш қызметіне арналған павильон алғаш рет қойылып отыр.


Жаңалықтар
0