Саясат

Назарбаев Түркия президентімен телефон арқылы сөйлесті

© SputnikАқорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті Ердоғанды 12 маусымда Ескішехир қаласында Трансанатолия газ құбырының ресми түрде іске қосылатындығымен құттықтады

АСТАНА, 4 маусым— Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Портфель - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев бірқатар кадрлық ауыс-түйіс жасады

Мемлекеттер басшылары әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың және  өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев Режеп Ердоғанды биылғы 12 маусымда Ескішехир қаласында Трансанатолия газ құбырының (ТАНАП) ресми түрде іске қосылатындығымен құттықтады. Қазақстан президенті бұл жобаның Түркия Республикасының транзиттік әлеуетін арттыруға септігін тигізетініне және елдің экономикалық дамуына зор ықпал ететініне сенім білдірді.  

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Ердоған екі мемлекет арасындағы сындарлы диалогты одан әрі ілгерілету мәселелерін қарастырды.

Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды.


Жаңалықтар
0