06:32 18 Қазан 2018
Тікелей эфир
  • USD363.26
  • EUR420.11
  • RUB5.54
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев

Назарбаев Қытайдағы ШЫҰ саммитінде сөз сөйледі

© AP Photo / Alexander Zemlianichenko
Саясат
Қысқа сілтеме алу
3355 0 0

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Сириядағы дағдарысты реттеу процесін қадағалауды жалғастырып жатқанын атап өтті

АСТАНА, 10 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана келіссөздер процесін Сириядағы жағдайды реттеу бойынша "ықпалды құрал" деп атады.  

"Қазақстан Астанадағы сирияаралық келіссөздерді қабылдаушы тарап ретінде Сириядағы дағдарысты реттеу процесін мұқият қадағалауды жалғастырып жатыр. Қысқа уақыт аралығында Астана келіссөздер процесі өзін Ресей, Түркия және Иранның белсенді қолдауымен Сирияда тұтас қамтитын бейбітшілікке қол жеткізу жолындағы ыпалды құрал ретінде танытты", — деп РИА Новости  Назарбаевтың Қытайдағы ШЫҰ саммитінде айтқан сөзінен үзінді келтірді.  

Астанадағы алаңда Сирия бойынша келіссөздер нәтижесінің маңыздылығын Ресей президенті Владимир Путин де атап өтті.  

"Сирияда терроризммен күресте елеулі нәтижеге қол жеткізілді. Ресейдің күш салуының арқасында Сирия үкіметі, Иран, Түркия, сондай-ақ Қазақстанды қоса айтқанда өзге де серіктестер бұл елдегі террористік белсенділікті айтарлықтай төмендете білді", — деді Путин.

ШЫҰ Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатыр. Саммит қорытындысы бойынша  20 бірлескен құжатқа қол қойылады деп болжанып отыр, оның ішінде ең маңыздысы Циндао декларациясы болмақ.   

 Астанада Сириядағы дағдарысты реттеу бойынша келіссөздердің тоғыз кезеңі өтті. Келесі кездесу шілдеге белгіленді, ол Сочи қаласында өтеді. 


Загрузка...

Басты тақырыптар