Саясат

Алматыда ҰҚШҰ-ға мүше елдердің СІМ басшылары отырысы басталды

© Sputnik / Данияр ДауталиевҰҚШҰ-ға мүше елдердің СІМ басшылары отырысы
ҰҚШҰ-ға мүше елдердің СІМ басшылары отырысы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күн тәртібінде халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселесі, ҰҚШҰ-ның бітімгершілік бағыты талқыланады

АЛМАТЫ, 11 маусым — Sputnik. Алматыда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Юрий Хачатуров - Sputnik Қазақстан
Саясат
Елбасы мен Хачатуров ҰҚШҰ дамуын талқылады

Кезекті отырысқа Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов төрағалық етуде. Отырысқа ҰҚШҰ бас хатшысы Юрий Хачатуров қатысады.

Ресей СІМ сайтында хабарланғандай, күн тәртібіне 12 мәселе кіреді.

Министрлер Ұйым аясындағы сыртқы саясат бағыттарын, халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқыламақ. ҰҚШҰ-ға мүше елдердің СІМ басшыларының "ОШҚЗ туралы келісім төңірегіндегі мәселе туралы" (Орта және шағын қашықтықтағы зымырандарды жою туралы келісім) мәлімдемесін қабылдау жоспарланған. Оның жобасын Ресей тарапы әзірледі.

Сонымен бірге, министрлер ҰҚШҰ-ның бітімгершілік бағытын да қарастырады.

Жаңалықтар
0