22:04 15 Желтоқсан 2018
Тікелей эфир
  • USD371.31
  • EUR419.32
  • RUB5.59
АҚШ президенті Дональд Трамп пен КХДР басшысы Ким Чен Ынның тарихи кездесуі

Қазақстан Трамптың Ким Чен Ынмен кездесуінен кейін мәлімдеме жасады

© AFP 2018 / SAUL LOEB
Саясат
Қысқа сілтеме алу
263 0 0

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі АҚШ және КХДР басшыларының тарихи кездесуінің қорытындысы бойынша мәлімдеме таратты

АСТАНА, 14 маусым — Sputnik. Қазақстан 12 маусымда  Сингапур қаласында өткен саммиттің қорытындысын қолдайды.

"Қазақстан АҚШ президенті Дональд Трамп және Корей Халық Демократиялық республикасы мемлекеттік кеңесінің төрағасы Ким Чен Ынның 2018 жылдың 12 маусымында Сингапур қаласында өткен кездесуін қолдайды және мемлекеттердің екіжақты қатынастарды реттеу бойынша күштерін жоғары бағалайды", — деп жазылған ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми мәлімдемесінде.

Қазақстан аталған саммитті Вашингтон мен Пхеньян арасындағы сенімді нығайтуға, сондай-ақ КХДР мен халықаралық қоғамдастық арасындағы қатынастарды қалыпқа келтіруге мүмкіндік беретін маңызды тарихи оқиға ретінде қарастырады.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі және ядролық қарудан азат әлемді құруды қолдайтын мемлекет ретінде Қазақстан мүдделі мемлекеттердің келіссөз процесін жалғастыру жөніндегі күштерін қолдайды және аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Солтүстік Кореяның ядролық қарусыздануы бойынша нақты өзара тиімді және қолайлы жағдайлар жасалады деп үміттенеді.

Бұл тұрғыда Астана Пхеньянның ядролық қаруды жоюға деген ұмтылысын жоғары бағалайды және әлемдегі төртінші ядролық әлеуеттен өз еркімен бас тартып, ең ірі ядролық сынақ орындарының бірін жапқан, сондай-ақ жаһандық ядролық қаруды таратпау режимін нығайтуға елеулі үлес қосқан Қазақстанның жолын таңдауға шақырады.

Қазақстан Солтүстік Корея дағдарысы тек бейбіт түрде реттелетініне сенім білдіріп, барлық мүдделі тарапты Корей түбегін ядролық қарусыздандыру жөніндегі келіссөздер процесін қолдауға шақырады.


Загрузка...

Басты тақырыптар