Саясат

Ким Чен Ын Қытайға ресми сапармен барды

© РИА Новости/ Илья ПиталевКим Чен Ын
Ким Чен Ын - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл Ким Чен Ынның Қытайға үшінші сапары. Солтүстік Корея мен ҚХР басшылары КХДР-АҚШ саммитінің нәтижесін талқылайды

АСТАНА, 19 маусым — Sputnik. Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесу үшін Қытайға барды.

Дональд Трамп пен Ким Чен Ынның кездесуі - Sputnik Қазақстан
Саясат
Дональд Трамп пен Ким Чен Ын қандай құжатқа қол қойғаны белгілі болды

Ким Чен Ын Бейжіңге "Корё" солтүстіккореялық мемлекеттік әуекомпаниясының Ил-76 үкімет ұшағымен аттанған, деп жазады РИА Новости.

Ким Чен Ын Си Цзиньпинмен ҚХДР және АҚШ саммиті аясында болған АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесудің нәтижелерін талқыламақ.

АҚШ және Солтүстік Корея басшылары Дональд Трамп пен Ким Чен Ын 12 маусымда Сингапурде тарихта алғаш рет саммит өткізген болатын. Кездесу нәтижесінде Пхеньян ядролық қарудан бас тартса, АҚШ ҚХДР қауіпсіздігіне кепілдік беруге уағдаласты.  

Бұл – ҚХДР басшысының Қытайға үшінші сапары.

Жаңалықтар
0