09:57 14 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.52
  • EUR429.21
  • RUB6.07
Қасым-Жомарт Тоқаев

"Өз сөзіме жауап беремін" Тоқаев Назарбаевқа қатысты айтқан сөзін түсіндірді

© Sputnik / Болат Шайхинов
Саясат
Қысқа сілтеме алу
927121

Сенат төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен 2020 жылғы президент сайлауы туралы айтқан сөзіне қатысты қара аспанды төндірмеуді сұрады

АСТАНА, 21 маусым — Sputnik. Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Би-би-си-дегі Hardtalk бағдарламасына берген сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаевтың 2020 жылы өтетін президенттік сайлауға қатыспайтыны туралы айтқан сөзін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

"Менің ойымша, бұл сұхбатта назар басқа жаққа аударылған, өйткені көп мәселе талқыланған болатын. Бұл мәселе соның бірі ғана болды. Hardtalk аясында сұхбат беру оңай емес, дегенмен мен олардың сұрақтарына жауап беруді жөн көрдім. Себебі елімізде демократияны, экономикалық әлеуетті дамыту үшін қандай жұмыс жасалып жатқанын айтуымыз керек. Бұл Батыстың Қазақстанды түсінуі үшін қажет. Осы тұрғыда сұхбат пайдалы болды деп есептеймін", — деді Тоқаев БАҚ өкілдеріне. 

"Мен бірінші кезекте Елбасы өзі шешім қабылдайтынын айттым, ол парасатты, ақылды адам, ұлы көшбасшы, бұл жері сұхбаттан алынып тасталған. Әңгіме барысында айтылған бұл сөзге қатысты қара аспанды төндірудің қажеті жоқ. Сұхбат өте қызықты болды", — деп қосты сенат төрағасы. 

Тоқаев: Назарбаев 2020 жылғы президент сайлауына қатысатынына сенбеймін>>

Оның айтуынша, Назарбаевтың келесі сайлауға қатысатыны не қатыспайтынына қарамастан ішкі және сыртқы саясат мәселелері бойынша соңғы сөзді Елбасы айтады, өйткені ол "ұлт көшбасшысы болып қала береді". 

Бұдан бөлек, журналистер Тоқаевтан 2020 жылы өтетін президенттік сайлауға Назарбаевтан басқа кім қатысуы мүмкін екенін сұрады. 

"Бұл менің құзырымдағы мәселе емес. Бұл мүлдем басқа сұрақ. Мен өз сөзіме жауап беремін. Мен еліміздің өзінің ұлт көшбасшысы бар екенін айттым, оны еліміздің бүкіл халқы дерлік қолдап отырғанын айтпағанда, халықаралық аренада орасан зор беделі бар", — деп жауап берді Тоқаев. 

"Біз барлық болуы мүмкін жағдайды ескеруіміз керек", — деді сенат спикері Назарбаевтың келесі сайлауға қатыспау мүмкіндігіне қатысты БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап бере отырып.

Қазақстанның қазіргі президенті осы жазда 78 жасқа толады. Ол 1991 жылдың 1 желтоқсанында алғашқы бүкілхалықтық сайлаудың қорытындысы бойынша президент болып, содан бері елді басқарып келеді. 2015 жылдың 26 сәуірінде өткен соңғы кезектен тыс сайлауда мемлекет басшысы сайлаушылардың 98% дауысын иеленіп, бесінші рет жеңіске жетті. Оның өкілеттігі 2020 жылдың сәуірінде аяқталады. Коституцияға сәйкес, Назарбаев Қазақстанның тұңғыш президенті ретінде бұл лауазымға өмір бойы сайлауға түсе алады.  

Абаев Тоқаевтың "Назарбаев келесі сайлауға қатыспайды" деген сөзіне пікір білдірді>>

Загрузка...

Басты тақырып