Саясат

Назарбаев пен бас прокурор Ақордада не айтты – видео

© Sputnik / Болат ШайхиновҚайрат Қожамжаров, архивтегі сурет
Қайрат Қожамжаров, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кездесу барысында Қайрат Қожамжаров еліміздегі құқық қорғау органдарының қызметі мен бұған дейін жүктелген тапсырмалардың орындалуы жөнінде есеп берді

АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Ақордада бас прокурор Қайрат Қожамжаровты қабылдаған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сот органдары мен мен полицияны реформалау туралы айтты. Видеоның үзіндісі Ақорданың фейсбуктегі ресми парақшасында жарияланған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Кездесуде бас прокурор елімізде қылмыстың жалпы деңгейі өткен жылға қарағанда 10 процентке төмендегенін атап өтті. 

Абай ауылында үш жыл бойы зорланған жігіт оқиғаның қалай болғанын айтып берді   

"Былтырғы жылмен салыстырғанда, елімізде қылмыстың жалпы деңгейі 10 пайызға төмендеді. Бұрынғыға қарағанда қазір адамдардың түрмеге қамалуы 30 процентке азайды. Биыл 12 мың адамға сот үкімі шығарылды, соның 4 мыңы ғана бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сіз қол қойған гуманизациялау туралы заң өз күшіне енді. Соның арқасында осы аптада 230 адам жеңілдік алып отыр. Бас прокуратура сіздің тапсырмаңыз бойынша еліміздегі заңдылықты сақтау жұмыстарын одан әрі жалғастырады", — деді Қожамжаров. 

Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарын реформалау жұмысы жалғасатынын айтты.

Дәрігерлер 14 жастағы қыздың кеудесінде өсіп жатқан аяқ-қолды кесіп тастамақ 

"Біз азаматтардың құқығы мен бостандығын сақтау үшін заңға көптеген өзгеріс енгіздік, шешімдер қабылдадық. Түрмеге қамау 30 процентке азайды. Алға қойылған міндеттер өте күрделі. Органдарды реформалау бойынша жұмысты жалғастырамыз, соның ішінде сот органдарында қаншама іс бар, ал полицияда одан көп. Бұл бағытта Бас прокуратура негізгі рөл ойнайды", —деді Назарбаев.

Жаңалықтар
0