21:45 07 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD417.87
  • EUR495.59
  • RUB5.70
Саясат
Қысқа сілтеме алу
51 0 0

Тараптар сотталғандарды экстрадициялау және беру мәселелерін талқылады

АСТАНА, 27 тамыз — Sputnik. Қазақстанның бас прокуроры Қайрат Қожамжаров Федералдық тергеу бюросы (ФТБ) директорының орынбасары Дэвид Л. Боудич бастаған делегациямен кездесті, деп хабарлады бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

Шетелдік әріптестер екіжақты сындарлы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Соңғы үш жылда жалпы 16, оның ішінде АҚШ ФТБ-дан 6 сауал түскен, олардың барлығы толық іске асырылды.

Кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы экстрадициялау тәртібі арқылы тұлғаларды ұстап беру мәселесі жеке қозғалды, сондай-ақ сотталғандарды өз мемлекеттерінде жазасын өтеуге беру жөнінде келісім жасалды.

Бұдан бөлек, ФТБ делегациясы қадағалау органының қызметтері, оның міндеттері мен функциялары, халықаралық ынтымақтастық саласындағы жетістіктер және елімізде жүргізіліп жатқан қылмыстық саясатты жаңғырту, сондай-ақ ізгілендіру бойынша реформалар туралы хабардар етілді.

ФТБ-ның трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимыл жұмысында үлкен тәжірибесін атап өткен Қ. Қожамжаров осы мәселеде екіжақты қарым-қатынасты кеңейтуге дайын екенін жеткізді. 


Тақырып бойынша

Ресейлік қашқын 20 жыл бойы Қазақстанда жасырынып жүрген
Қожамжаров 52 адамның қазасынан кейін прокурорларға тапсырма берді
Қожамжаров: Әблязов пен Храпуновтар жауапкершіліктен құтыла алмайды
Кілт сөздер:
азаматты отанына экстрадициялау, ФБР, Бас прокуратура, Қайрат Қожамжаров, АҚШ, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып