13:04 13 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.81
  • EUR429.01
  • RUB6.08
Нұрсұлтан Назарбаев пен Әсет ИСекешев

Назарбаев Астана әкімін неге ауыстырғанын түсіндірді

© Официальный сайт Президента РК /
Саясат
Қысқа сілтеме алу
Астана жаңалықтары (89)
4413 0 0

Мемлекет басшысы президент әкімшілігінің басшылық құрамымен кездесті

АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана әкімі болған Әсет Исекешевті президент әкімшілігі жетекшілігіне неге тағайындағанын түсіндірді. 

"Әсет Өрентайұлы менің көмекшім болды, министр, премьер-министрдің орынбасары қызметтерін атқарды. Ол бас қаламызда жұмыс істеген соңғы екі жарым жыл ішінде елордалықтардың жоғары бағасына ие болды. Ол белсенді әрі креативті ұстаныммен ерекшеленеді. Қазір бізге дәл осындай адам керек", — деді президент. 

Әсет Исекешев
© Sputnik / Болат Шайхинов

Назарбаев Исекешев елордаға әкім болған уақытта "ЭКСПО-2017" көрмесін және Астананың 20 жылдығын абыроймен өткізгенімізді атап өтті.

"Әсет Өрентайұлы бұл міндетті де лайықты орындай алатынына сенімдімін", – деді мемлекет басшысы Ақордада өткен жиында.

Елбасы, сондай-ақ, кездесу барысында Әділбек Жақсыбековке президент әкімшілігінің басшысы лауазымында және басқа да мемлекеттік қызметтерде атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, оның Қазақстанның мемлекеттілігін қалыптастыру және дамыту ісіне зор үлес қосқанын ерекше атап өтті.

Тағы оқыңыз:

"Ұзақ жылдардан бері менімен бірге жұмыс істеп келе жатқан Әділбек Рыскелдіұлын жақсы білесіздер. Ол елорданың алғашқы әкімі болды, барлық лауазымды қызметтерде жауапкершілікпен әрі адал еңбек етті. Оған зор денсаулық пен табыс тілеймін", – деді Қазақстан президенті.

Кеше елімізде кадрлық тағайындаулар басталды. Президент әкімшілігін басқарған Әділбек Жақсыбеков зейнетке шығып, оның орнына Әсет Исекешев келді. Ал Астана әкімі болып қаржы министрі қызметін атқарған Бақыт Сұлтанов тағайындалды. 

Тақырып:
Астана жаңалықтары (89)

Тақырып бойынша

Астана қаласының жаңа әкімі тағайындалды
Есен Елеукен басшылық қызметке тағайындалды
Өскемен қаласының әкімі тағайындалды
Шымкентке жаңа әкім тағайындалды
Түркістан облысының әкімі тағайындалды
Кілт сөздер:
әкім, кадрлық тағайындаулар, Ақорда, Әсет Исекешев, Назарбаев, Астана
Загрузка...

Басты тақырып