14:15 23 Қыркүйек 2018
Тікелей эфир
  • USD352.54
  • EUR415.15
  • RUB5.31
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркияға сапары кезінде

Назарбаев түрік бизнесмендеріне үндеу жасады

© Официальный сайт Президента РК /
Саясат
Қысқа сілтеме алу
26 0 0

Қазақстан президенті елдің индустриялық аймақтарында шетелдік бизнесмендерге салықтық және өзге де жеңілдіктер қарастырылғанын атап өтті

АСТАНА, 13 қыркүйек — Sputnik.  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының іскер топтар өкілдерімен кездесіп, оларды Қазақстанда бизнестерін өркендетуге шақырды, деп хзабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі мен "Қазақ Инвест" компаниясының жұмысы және инвесторлар үшін қарастырылған түрлі жеңілдіктер жөнінде айтты.

"Қазақстанда 11 арнайы экономикалық және 24 индустриялық аймақ бар. Олардың жұмысына қатысушылар үшін салықтық және өзге де жеңілдіктер қарастырылған. Түрік компанияларын Қазақстанда өз бизнестерін өркендетуге шақырамын", – деді мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Қазақстан президенті еліміздің көлік-транзит әлеуетінің мүмкіндіктеріне жан-жақты тоқталды.

"Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы трансконтинентальды мультимодальды жүк тасымалын белсенді дамытуда. Еліміз арқылы 5 темір жол және 6 халықаралық автомобиль жолы өтеді. Транскаспий мультимодальды жүк тасымалын дамыту үшін көп жұмыс атқарылуда. Ақтау портын жаңғыртып, оның мүмкіндіктерін кеңейттік", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ Қазақстан президенті түрік бизнесмендерін Назарбаев университеті мен Инновациялық технологиялар паркі базасында құрылған инновациялық кластерлердің жұмысына атсалысып, туристік саладағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыруға шақырды.

Тақырып бойынша

Назарбаев Астана әкімін неге ауыстырғанын түсіндірді
Қытай төрағасы: Назарбаев – менің жақын досым
"Миттал мырза жауап берсін". Назарбаев теміртаулық компанияның жұмысын сынады
Назарбаев: Аралдың балығы шетелге экспортталуда
Кілт сөздер:
индустрияландыру, бизнес, шетелдік инвесторлар, экономика, Түркия, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырыптар