11:42 21 Қараша 2018
Тікелей эфир
  • USD364.95
  • EUR416.99
  • RUB5.55
Қырғызстан

Қырғызстан Қазақстан елшісіне наразылық нотасын берді

© Sputnik / Алексей Ничукин
Саясат
Қысқа сілтеме алу
639 0 0

Қырғыз тарабы Алматы әуежайында шектен тыс тексерулер үшін азаматтардан түсетін шағымдар туралы хабарлады

АСТАНА, 14 қыркүйек — Sputnik. Жұма күні Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі Қазақстан елшісіне нота берілгені туралы хабарлады.

Қырғызстанның сыртқы саясат ведомствосының ресми хабарламасында айтылғандай, "Алматы әуежайында қазақстандық құзырлы органдар тарапынан жасалатын шектен тыс тексерулер туралы Қырғыз Республикасы азаматтарынан үздіксіз түсіп жататын арыз-шағымдарға байланысты" Қазақстан елшісі Кәрім Көкірекбаев сыртқы істер министрлігіне шақырылған.

"Кездесу барысында қырғыз тарабы Қазақстанның құзырлы органдарының қадамына алаңдаушылық танытып, ҚР құзырлы органдарының лауазымды тұлғалары тарапынан шектен тыс, намысқа тиетін әрекеттер жасалмауын басты назарға алуға өтініш білдірді", — деп хабарлады Қырғызстанның СІМ.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Қазір мәселенің анық-қанығын және қандай тексерулер туралы сөз болып отырғанын анықтап жатырмыз", — деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Айбек Смадияров.

Ол атап өткендей, Қазақстан әуежайларында барлық жолаушыға бірдей қауіпсіздік режимі сақталады. Әрі өткізу бекеттерінде мемлекеттік шекара туралы заңға сәйкес азаматтардан жауап алынады.

Тақырып бойынша

СІМ: Студенттердің ұсталуына байланысты Қазақстан Мысырға наразылық нотасын жолдады
Сыртқы істер министрлігі Қырғызстанға жауап нотасын жолдады
Кілт сөздер:
наразылық нотасы, тексеру, арыз, әуежай, Қырғызстан азаматтары, СІМ, Қырғызстан, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырыптар