Саясат

Назарбаев әр таңын қандай сөздермен атыратынын айтты - видео

© Photo : akorda.kzНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы болғанға дейін күн сайын таңертең өзіне «Сен өз халқың үшін бірнәрсе істеуің керек» деп айтатын болған

АСТАНА, 24 қыркүйек — Sputnik. ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің студенттік шақтары туралы айтып берді. Ол мемлекет басшысы болып сайланғанға дейін күн сайын таңертең өзіне "Сен халқың үшін бірнәрсе жасауың керек" деп айтатын болған екен.

Видеодан үзінді президент телерадиокешенінің instagram желісіндегі парақшасында жарияланды.

"Бәрібір де табиғатымнан арманшыл адаммын. Бала күнімнен алдымда зор болашақ күтіп тұрғанын сезінетінмін. Мұның қайдан келгенін тіпті білмеймін, үнемі жадымда болды. Политехникалық институттың студенті болып жүргенімде таңертең жуынып жатқанда айнаға қарап тұрып "Сен өз халқың үшін бірнәрсе істеуің керек" деп айтатынмын", — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 

 

Жаңалықтар
0