19:42 05 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.69
  • EUR455.51
  • RUB5.72
Саясат
Қысқа сілтеме алу
108 0 0

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов БҰҰ Бас Ассамблеясының жалпы дебаттарында сөз сөйлейді

АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. 24-29 қыркүйек аралығында Қазақстан делегациясы Нью-Йоркте өтетін БҰҰ 73-ші Бас Ассамблеясының жұмысына қатысады. Бұл туралы бүгін ҚР сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Айбек Смадияров апта сайынғы брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

18 қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-ші сессиясы өз жұмысын бастады. Сессия тақырыбы "БҰҰ-ны барлық адамдардың мүдделеріне жақындату: бейбіт, әділетті және тұрақты қоғамдарды қолдаудағы жаһандық жетекшілік пен ортақ жауапкершілік" деп аталады.

"Сессияның күн тәртібінде халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрақты даму, адам құқықтары, гуманитарлық көмек, қарусыздану, сот төрелігін нығайту және халықаралық құқықты дамыту сияқты салаларда 175-тен астам мәселе қамтылды", — деді баспасөз хатшысы.

Оның айтуынша, БҰҰ Бас Ассамблеясының жалпы дебаттарына Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов бастаған қазақстандық делегация қатысады. 

"24-29 қыркүйек аралығында көпжақты және екіжақты форматтағы бірқатар іс-шара жоспарланған. Қазақстан сыртқы істер министрі 28 қыркүйекте сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр", — деді Смадияров.

Ол Ассамблея сессиясында Қазақстан үшін басты оқиға "Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу" мінез-құлық кодексі таныстырылатынын атап өтті. 

"Құжат Қазақстан  президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен әзірленді. Кодекстің негізгі мақсаты – 2045 жылы БҰҰ-ның жүз жылдығына орай терроризмге қарсы күрес және терроризмнен еркін әлемге қол жеткізу бойынша серіктес елдердің кең халықаралық коалициясын құру", — деді баспасөз хатшысы.


Тақырып бойынша

Ресейлік дәрігер Қазақстанда интернет арқылы терроризмге шақырған
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі штаб Ақтөбе тұрғындарын сабыр сақтауға шақырады
Каспийде терроризмге қарсы күрес бойынша теңіз штабтары құрылады
Әлемдегі ең ірі әлеуметтік желілер терроризмге қарсы күш біріктірді
Терроризмге қатысы бар адамдар мен ұйымдардың тізімі шықты
Кілт сөздер:
кодекс, терроризм, БҰҰ, АҚШ, Батыс Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып