23:39 13 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.81
  • EUR429.01
  • RUB6.08
Нұрсұлтан Назарбаев ТМД-ға мүше елдер басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Назарбаев ТМД-дағы сауда кедергілерін жоюға шақырды

© Photo : Ақорданың ресми сайты
Саясат
Қысқа сілтеме алу
67 0 0

Президент мемлекетаралық қатынастарды одан әрі тереңдететін перспективті бағыттарға назар аударды

АСТАНА, 28 қыркүйек— Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер басшылары кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Отырыста мемлекет басшысы ТМД аясындағы қарым-қатынастарды нығайтып, дамыту үшін атқарылған жұмыстардың нәтижелеріне тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев ұйымды реформалау және Достастықтың тұжырымдамалық құжаттарын жаңарту жолында қолға алынып жатқан шаралардың тиімділігін атап өтті.

Қазақстан президенті мемлекетаралық қатынастарды одан әрі тереңдетуге септігін тигізетін бірқатар перспективті бағыттарға назар аударды.

Атап айтқанда, мемлекет басшысы ТМД-ның экономикалық негізін нығайту және елдер арасындағы сауда кедергілерін жоюға бағытталған шаралар қабылдау қажеттігі туралы айтты.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев сауда-экономикалық қатынастарды кеңейту және ТМД-ға мүше барлық елдердің көлік-транзит әлеуетін пайдалану жөніндегі мәселелерге тоқталды.   

Қазақстан президенті ғылыми-ғарыш, цифрландыру және туризм салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселесіне назар аударды.

Мемлекет басшысы Қазақстанда құрылған "Астана" халықаралық қаржы орталығының ерекшеліктері жөнінде әңгімелеп, ТМД-ға мүше елдердің бәрін Қаржы орталығының жұмысына белсенді атсалысуға шақырды. 


Тақырып бойынша

Назарбаев әр таңын қандай сөздермен атыратынын айтты - видео
Назарбаев Путинге көңіл айтты
Әзербайжан жазушысы Назарбаев туралы роман жазып жатыр
Назарбаев бірнеше заңға қол қойды
Назарбаев түрік бизнесмендеріне үндеу жасады
Желіде Назарбаев пен Головкиннің кездесуінен видео жарияланды
Кілт сөздер:
сауда, ТМД, Назарбаев
Загрузка...

Басты тақырып