00:16 21 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
Президент Нурсултан Назарбаев во время ежегодного послания народу Казахстана

Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы - онлайн-репортаж

© Sputnik / Владислав Воднев
Саясат
Қысқа сілтеме алу
Президент жолдауы-2018 (21)
426110

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы жолдауын жасайды

Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналады. 

Мемлекет басшысының бұған дейінгі жолдауы 2018 жылы 10 қаңтарда жарияланды. Онда Назарбаев төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері туралы айтқан болатын. 

Нұрсұлтан Назарбаев алғашқы жолдауын 1997 жылы 16 қазанда жасаған еді. Мемлекет басшысы онда ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық және экономикалық өсімді ұзақ мерзімді басымдықтар ретінде атап көрсетті.

New messages
  • 13:09

    Президент жолдауының онлайн-трансляциясы аяқталды

  • 13:07

    Президенттің Қазақстан халқына жолдауы 1 сағат 51 минутқа созылды

    Мемлекет басшысы жолдауын сағат 11:02-де бастап, 12:53-те аяқтады.

  • 13:06

    Назарбаев сөз соңында Қазақстанның бағындыратын биіктері әлі алда екенін айтты

    "Осы жолда халық сенімі рухымызды жігерлендіріп, бойымызға күш-қайрат дарытады. Сол сенімді ақтаудан артық мұрат жоқ!", - деді Елбасы.

     

  • 13:05

    Назарбаев: Қазақстанның Ресеймен қарым-қатынасы мемлекетаралық байланыстардың эталоны

    Встреча президента РФ В. Путина с президентом Казахстана Н. Назарбаевым
    © Sputnik / Михаил Климентьев

    "Қазақстанның табысты жаңғыруын қамтамасыз ету үшін бастамашыл белсенді сыртқы саясатты одан әрі жүзеге асыру қажет. Біздің бейбітсүйгіш бағытымыз бен осы саладағы нақты айқындалған қағидаттарымыз өзін-өзі толық ақтап отыр. Қазақстанның Ресей Федерациясымен қарым-қатынасы мемлекетаралық байланыстардың эталоны болып саналады", - деді президент. 

    Мемлекет басшысының айтуынша, толыққанды интеграциялық бірлестік әрі әлемдік экономикалық қатынастардың белсенді мүшесі ретінде қалыптасқан Еуразиялық экономикалық одақ табысты жұмыс істеуде.

    "Орталық Азия өңірінде өзара ықпалдастықтың жаңа парағы ашылды. Қытай Халық Республикасымен жан-жақты стратегиялық серіктестігіміз дәйекті түрде дамып келеді. "Бір белдеу - бір жол" бағдарламасы Қытаймен қарым-қатынасымызға тың серпін берді", - деді Назарбаев. 

  • 13:01

    Президент: әрбір жолдауымда халықтың әлеуметтік жағдайы мен тұрмыс сапасын жақсартуға ерекше мән беріп келемін

    "Талап оңай емес. Бірлігіміз мызғымаса, ынтымағымыз ыдырамаса, біз үшін алынбайтын асу, бағынбайтын белес жоқ. Мен әрбір жолдауымда халықтың әлеуметтік жағдайы мен тұрмыс сапасын жақсартуға ерекше мән беріп келемін. Қазіргі  "7-20-25", бес бастама, "Нұрлы жер", "Нұрлы жол", "Рухани жаңғыру" және басқа мемлекеттік бағдарламалардың басты мақсаты – халқымыздың тұрмысын, көңіл-күйін жақсарту", - деді президент. 

  • 12:55

    Назарбаев: халқымыздың бақуатты өмір сүруі, еліміздің озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуы тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік мұраты

    Члены кабмина во время ежегодного президентского послания народу
    © Sputnik / Владислав Воднев

    "Біз қашан да заман сынына тегеурінді іс-қимылмен төтеп беріп келеміз. Бұл - ең алдымен, ел ынтымағының арқасы. "Ынтымақты елдің ырысы мол" дейді халқымыз. Бүгінгі кезеңнің де талабы оңай емес. Бірлігіміз мызғымаса, ынтымағымыз ыдырамаса, біз үшін алынбайтын асу, бағынбайтын белес болмайды",- деді мемлекет басшысы.

  • 12:51

    Президент әкімшілігінде ұлттық жаңғыру офисі құрылады

    Видеотрансляция послания президента народу Казахстана в пресс-центре Акорды
    © Sputnik / Владислав Воднев

    "Үкімет пен мемлекеттік органдар жыл соңына дейін дамудың аталған барлық мәселелерін қамти отырып, нақты индикаторлар мен "жол карталарын" әзірлеуге тиіс, сондай-ақ реформаларды іске қосу үшін қажетті заң жобаларының бәрін парламентке уақтылы енгізуі керек. Өз кезегінде, парламент оларды сапалы әрі жедел қарастырып, қабылдауға тиіс. Реформалар мен негізгі стратегиялық құжаттардың жүзеге асырылу барысына мониторинг жүргізіп, бағалау үшін қажетті өкілеттіктер бере отырып, президент әкімшілігінде ұлттық жаңғыру офисін құруды тапсырамын", - деді Назарбаев. 

    Бұл офис статистикалық көрсеткіштерге мониторинг жүргізуден бөлек, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының тәжірибесіне сәйкес, тұрғындар үшін өзекті мәселелер жөнінде халық пен бизнес өкілдері арасында тұрақты түрде сауалнама жүргізуді қамтамасыз етеді.

    "Офис әрбір бағыт бойынша қалыптасқан жағдай жөнінде маған үнемі баяндап отырады.Үкіметтің әрбір мүшесі, мемлекеттік органдар мен компаниялардың басшылары алға қойылған міндеттердің орындалуына дербес жауап беретін болады", - деді президент. 

  • 12:50

    Елбасы: келесі жылды жастар жылы деп жариялауды ұсынамын

    "Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуға тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды жастар жылы деп жариялауды ұсынамын", - деді президент. 

    Назарбаев ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға кірісу қажеттігін атап өтті. 

    "Бұған арнайы "Ауыл - Ел бесігі" жобасының іске қосылуы септігін тигізеді. Бұл жоба арқылы өңірлердегі еңбекке қатысты идеологияны ілгерілетуді қолға алу керек", - деді мемлекет басшысы. 

  • 12:47

    Қазақстанда жер қоры мен жылжымайтын мүліктің бірыңғай ақпараттық базасы құрылады

    "Жер қатынастары мен құрылыс саласындағы бюрократтық рәсімдер жұртшылықты мазалайтын мәселелердің бірі болып саналады. Бұл салада ашықтық жоқ, халық пен бизнес ақпаратқа толық қол жеткізе алмай отыр. Жер қоры мен жылжымайтын мүлік нысандары туралы мәліметтердің бірыңғай ақпараттық базасын жасауды тапсырамын. Осы мәселе бойынша тәртіп орнатып, жерді нақты инвесторларға беру керек", - деп қадап айтты президент.

  • 12:42

    Елбасы: қолында билігі бар адамдар жерлерді алып алған

    Назарбаев берілген жерлерді игере алмай отырғандардан оларды мемлекетке қайтарып беруді талап етті. 

    "Қолында билігі бар адамдар жерлерді алып алған. Басқаға бермеймін және өзім де керегіме жаратпаймын деп отыр. Мен мұны ретке келтіруді прокуратураға тапсырдым. Егер игере алмаса, мемлекетке қайтарсын ", - деді президент. 

  • 12:38

    Президент мемлекеттің ешкімге тегін үй бермейтінін ескертті

    Елбасы мемлекеттің халықты тегін үймен қамтамасыз етуге міндетті еместігін айтты. 

    "Мен бүкіл елдің алдында тағы бір рет айтамын. Біз басқа әлемде өмір сүріп жатырмыз. Мемлекет ешкімге тегін үй бермейді. Тек несиемен, белгілі бір жеңілдіктермен көмектесе алады. Мемлекетте беретін тегін пәтерлер мен мұндай заңдар да жоқ. Соғыс ардагерлеріне шамамен 10 реттен үй берген шығармыз. Олардың өздерін де, балалары мен немере-шөбелерін де үймен қамтамасыз еттік. Жақсы, олар соғыс ардагерлері болғандықтан осылай жасадық. Ал қалғандары ше? Оларға ешкім тегін үй бермейді ", - деді Елбасы.

  • 12:29

    Назарбаев ауылдан көшкендерді ірі қалаларға қалай орналастыру қажеттігін айтты

    Үкіметке ірі қалаларға қоныстанып жатқандарға көпқабатты үйлерді тұрғызуды негізге алу керек, деді президент.

    "Оларды біз белгілі бір шарттар бойынша сол жерге қабылдаймыз. Болмаса отбасылық жатақхана салуға болады. Ауылдан халықтың көшуін қолдап отырғаным жоқ. Бірақ, ол жерде ешкімді ұстап та тұра алмайды", - деді президент.

  • 12:23

    Президент мектеп тапшылығы мен үш ауысым мәселесін шешу үшін 50 миллиард теңге бөлуді тапсырды

    Журналисты в пресс-центре во время ежегодного президентского послания народу
    © Sputnik / Владислав Воднев

    "Балалар қауіпсіздігінің маңыздылығын ескере отырып, мектептер мен балабақшаларды жүз процент бейнбақылау жүйесімен жабдықтауды тапсырамын. Мектеп психологтарының жұмысын күшейтіп, басқа да дәйекеті шараларды қолға алу керек. Бізде мектептер тапшы, үш ауысымдық мектептер бар. Сондықтан 2019-2021 жылдары осы мақсатқа қосымша 50 миллиард теңге бөлуді тапсырамын", - деді ол.

  • 12:17

    Назарбаев: Ішкі істер министрлігінің барлық қызметкері аттестациялаудан өту керек

    Назарбаев үкіметке президент әкімшілігімен бірлесіп, "Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасын" қабылдауды тапсырды. Реформалар 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырыла бастауға тиіс.

    "Ішкі істер министрлігінің штаттық санын оңтайландырып, полицияны өзіне тиесілі емес функциялардан арылту қажет. Үнемделген қаражатты полицейлердің жалақысын көбейтуге, олардың тұрғын үй және өзге де әлеуметтік мәселелерін шешуге бағыттаған жөн. Екіншіден, полиция қызметкерінің жаңа стандартын бекітіп, мансаптық ілгерілеу, сондай-ақ, полиция академиялары арқылы кадрларды даярлау мен іріктеу жүйесін өзгерту керек", - деді мемлекет басшысы. 

    Қызметкерлердің бәрі қайта аттестациялаудан өтуге тиіс. Тек үздіктері ғана қызметін жалғастырады.

    "Үшіншіден, халықпен жұмыс істеудің жаңа заманауи форматтарын енгізіп, полицияны бағалаудың критерийлерін түбегейлі өзгерткен жөн. Полицияның жұмысын сервистік модельге көшіру қажет. Азаматтар санасында полицейлер жазалаушы емес, керісінше, қиын жағдайда көмек көрсетуші деген түсінік орнығуы керек", - деді президент.

  • 12:14

    Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы әзірленеді

    Назарбаев 2019 жылдың 1 қыркүйегіне дейін еліміздің 2030 жылға дейінгі аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын әзірлеуді тапсырды. 

    "Практикалық шараларды жүзеге асыру үшін нақты іс-шараларды, жобаларды және қаржыландыру көлемін көрсете отырып, өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі прагматикалық бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын", - деді президент.

  • 12:11

    Президент жолдауының тікелей видеотрансляциясы

  • 12:08

    Назарбаев: келесі жылы Астанада ұлттық ғылыми-онкологиялық орталықтың құрылысын бастау керек

    "Жақсы баға мен сенімге ие болған кардиологиялық және нейрохирургиялық  кластерлердің тәжірибесін қолдана отырып, келесі жылы Астанада ұлттық ғылыми-онкологиялық орталықтың құрылысын бастау керек. Бұл туралы айтып жүргеніме екі жыл болды. Биыл орталықтың іргетасын қалап, оны әлемдегі ең күшті жабдықтармен қамтамасыз ету керек. Мен, тіпті, осы орталыққа дайындалған кезде, қандай жабдықтар қойылатынын да зерттеп шықтым"- деді мемлекет басшысы.

  • 12:00

    Қазақстанда азық-түліктің сапасын бақылайтын комитет құрылады

    Келесі жылдан бастап тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитеті жұмысын бастауға тиіс, деді президент. Оның қызметі, ең бастысы, азық-түлікке, дәрі-дәрмекке, ауыз суға, балалар тауарына, медициналық қызмет көрсетуге сараптама жүргізуді қамтитын болады.

     

  • 11:58

    Назарбаев: үкімет жұмыс істемейді, әкімдер жұмыс істемейді

    "Жаңа әлеуметтік ауқымды "7-20-25" бағдарламасын бастадық. Ол тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттырады. Егер отбасында екі адам жұмыс істесе, онда олар оп-оңай ипотека алып, баспаналы бола алады. Бар болғаны 7 процент мөлшерлеме, қалғанын мемлекет өз мойнына алып отыр. Бастапқы жарна  бұрын 50 процент болған, қазір 20 процент қана. Бұрын 10 жылда қайтару керек болса, қазір 25 жыл беріліп отыр. Шынын айтсам, бұл бұрынғымен салыстырғанда түк те емес", - деді Назарбаев.

    Президент бағдарламаның өңірлерде дұрыс іске аспай жатқанын атап өтті. 

    "Мәселе бағдарламаның қалай іске асатынында. Қазір қанша өтінім түсті. Кім біледі? ... Тек екі мың ғана. Сонда үй алғысы келетіндер жоқ па, әлде шарттары қиын ба? ... Үкімет жұмыс істемейді, Бақытжан (премьер-министр Сағынтаев). Әкімдер жұмыс істемейді. Сендерге басқа не керек? Адамдардың өмірін жақсарту үшін сендерге басқа не керек?", - деп мемлекет басшысы. 

  • 11:53

    Қазақстанда Назарбаев Университеті іспеттес тағы бір жоғары оқу орны пайда болады

    Члены кабмина, депутаты, представители казахстанской общественности во время ежегодного президентского послания народу
    © Sputnik / Владислав Воднев

    "Нарықта жоғары білім сапасын қамти алатын ЖОО-лар ғана қалуы тиіс. Әлемнің ірі университтерімен серіктестікті арттыру қажет. Назарбаев университетінен үлгі алу қажет. Әрине, ол жақта ақша көп деп сын айтулары мүмкін. Бізде осы секілді университтер бар. Мысалы, ҚазҰУ жақсы нәтиже беріп, өзіне қызықтырып отыр. Инфрақұрылым мүмкіндіктерін ескере отырып Назарбаев университетінің үлгісімен тағы да бір ЖОО құруды ұсынамын", - деді мемлекет басшысы.

  • 11:47

    2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап учаскелік медициналық қызметкерлердің жалақысын 20%-ға өсіреді

    "Біздің азаматтар өз елімізде емес, шет мемлекеттерде емделеді. Өйткені біздің дәрігерлерге сенбейді. Ең алдымен, алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметкерлерін ынталандыру үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап кезең-кезеңмен учаскелік медициналық қызметкерлердің жалақысын 20%-ға өсіруді тапсырамын. Бұл үшін келесі жылы республикалық бюджеттен 5 миллиард теңге бөлінеді", - деді президент.

  • 11:43

    Президент: үкімет бюджет шығыстарының басымдықтарын қайта қарауға тиіс

    "Әл-ауқатымыздың екінші бір сипаты - өмір сүру деңгейінің артуы. Білім берудің, денсаулық сақтау саласының, тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігі, жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру мәселелері әрбір қазақстандық отбасына қатысты. Осыған орай, үкімет әлеуметтік секторға, қауіпсіздік пен инфрақұрылымға мән бере отырып, бюджет шығыстарының басымдықтарын қайта қарауға тиіс", - деді президент. 

  • 11:41

    Назарбаев мұғалімдердің мәртебесі туралы заң әзірлеп қабылдауды тапсырды

    В ожидании президентского Послания в Акорде
    © Sputnik / Владислав Воднев

    "Келесі жылы "Педагогтардың мәртебесі" туралы заң әзірлеп қабылдау қажет деп санаймын. Ол мектепке дейінгі ұйымдар қызметкерлері мен мұғалімдерді ынталандыратын шаралар қарастырып, жүктемені азайтуы тиіс. Мұғалімдерге барлығын үйіп-төгеді: сайлауды да мұғалімдер өткізеді, үгіт-насихат та солардың мойнында, бірдеңе істеу қажет болса, тағы мұғалімдер. Бұл үшін оларға ешкім ақша төлемейді, оларды артық жұмыстан босату керек, олар сабаққа дайындалуы керек", - деді Назарбаев Ақордада. 

  • 11:39

    Білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына жұмсалатын қаражат ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізіледі

    "5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу қажет. Қаржыландыруды халыққа қызмет көрсету сапасын елеулі түрде арттыруды қамтамасыз ететін тиісті реформаларды жүзеге асыру үшін бағыттау керек", - деді президент. 

  • 11:36

    Президент монополияға қарсы ведомствоның жұмысын реформалауды тапсырды

    Президенттің айтуынша, монополистердің инвестициялық міндеттемелеріне тиімді мониторинг пен бақылау жүргізілмей отыр.

    "Үкімет 3 ай мерзім ішінде осы мәселемен айналысып, бәсекелестікті қорғау функциясын елеулі түрде күшейте отырып, монополияға қарсы ведомствоның жұмысын реформалауы керек. Бұл - маңызды мәселе, ол бизнес үшін кететін шығынның артуына, адамдардың нақты табысын азайтуға әкеп соқтырады", - деді мемлекет басшысы. 

  • 11:32

    Басымдығы бар жобаларға қолжетімді несие беру міндетін шешу үшін кемінде 600 миллиард теңге бөлінеді

    Члены кабмина, депутаты, представители казахстанской общественности во время ежегодного президентского послания народу
    © Sputnik / Владислав Воднев

    "Басымдығы бар жобаларға қолжетімді несие беру міндетін шешу үшін Ұлттық банкке кемінде 600 миллиард теңге көлемінде ұзақ мерзімге қаржы бөлуді тапсырамын", - деді президент. 

    Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, осы қаражаттың көзделген мақсатқа жұмсалуын қатаң бақылауды қамтамасыз етуі керек.

  • 11:27

    Назарбаев экономикалық тергеу қызметін қайта құруды тапсырды

    "2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық заңнамасының бұзылуы жөніндегі қылмыстық жауапкершіліктің қолданылу шегін, айыппұлды өсіре отырып, 50 мың айлық есептік көрсеткішке дейін арттыруды тапсырамын. Сондай-ақ, негізгі міндеті көлеңкелі экономикамен күрес болуға тиіс қаржы мониторингі комитетіне функцияларын бере отырып, экономикалық тергеу қызметін қайта құру қажет. Біз "қолма-қол ақшасыз экономикаға" бет бұруымыз керек", - деді президент. 

    Президент Нурсултан Назарбаев во время ежегодного послания народу Казахстана
    © Sputnik / Владислав Воднев
  • 11:27

    Президент өңдеу өнеркәсібін дамытуға 500 миллиард теңге бөлуді тапсырды

    "Үкімет өңдеу секторындағы экспорттаушыларға қолдау көрсетуге баса мән беруі қажет. Біздің сауда саясатымызда селқостық болмауға тиіс.

    Оған біздің тауарларымызды өңірлік және әлемдік нарықта ілгерілететін белсенді сипат дарыту керек", - деді президент. 

    Бұл экспорттық әлеуетімізді жүзеге асыру тұрғысынан ғана емес, сондай-ақ ішкі нарықты отандық тауарлармен толтыру үшін де маңызды, деді Назарбаев.

    Мемлекет басшысы үкіметке өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортты қолдау мақсатымен алдағы 3 жылда қосымша 500 миллиард теңге бөлуді тапсырды.

     

  • 11:24

    2019 жылдың 1 қаңтарынан шағын және орта бизнеске арналған салық рақымшылығы басталады

    "Бизнес өз жұмысын жаңадан бастау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтың негізгі сомасы төленген жағдайда, өсім мен айыппұлды алып тастай отырып, шағын және орта бизнес үшін "салық амнистиясын" жүргізуге кірісуді тапсырамын", - деді президент. 

  • 11:24

    "Инновациялық және сервистік секторларды дамытуға ерекше көңіл бөлген жөн. Ең алдымен, "болашақтың экономикасының" баламалы энергетика, жаңа материалдар, биомедицина, үлкен деректер, заттар интернеті, жасанды интеллект, блокчейн және басқа да бағыттарын ілгерілетуді қамтамасыз ету қажет. Еліміздің жаһандық әлемдегі орны мен рөлі келешекте нақ осыларға байланысты болады", - деді Назарбаев. 

    Мемлекет басшысы үкіметке Назарбаев Университетімен бірлесіп, нақты жобаларды анықтай отырып, әрбір бағыт бойынша арнайы бағдарламалар әзірлеуді тапсырды.

    Члены кабмина, депутаты, представители казахстанской общественности во время ежегодного президентского послания народу
    © Sputnik / Владислав Воднев
  • 11:22

    Назарбаев: ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту керек

    "Мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын елімізге заманауи агротехнологияларды ауқымды түрде тартуға бағыттау қажет. Біз икемді әрі ыңғайлы стандарттарды енгізу және ауыл шаруашылығы саласындағы беделді шетелдік мамандарды - "ақылды адамдарды" тарту арқылы саланы басқарудың үздік тәжірибесін пайдалануымыз керек. Ауыл кәсіпкерлеріне шаруашылық жүргізудің жаңа дағдыларын үйрету үшін жаппай оқыту жүйесін қалыптастырған жөн", - деді президент. 

    Назарбаев үкіметке алдағы 3 жыл ішінде осы мақсаттарға жыл сайын қосымша кемінде 100 миллиард теңге қарастыруды тапсырды. 

  • 11:17

    "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасын 2025 жылға дейін ұзартылады

    Журналисты в пресс-центре во время ежегодного президентского послания народу
    © Sputnik / Владислав Воднев

    "Өңірлерге жұмыс сапарым барысында мұның тиімділігіне көз жеткіздім. Бағдарламаның қолданылу мерзімін 2025 жылға дейін ұзарту керек", - деді президент. 

    Назарбаев осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін жыл сайын қосымша кемінде 30 миллиард теңге бөлуді қарастыру қажет екенін айтты. 

    "Бұл 3 жыл ішінде қосымша кемінде 22 мың жаңа жұмыс орнын ашуға, 224 миллиард теңге салық түсіруге және 3 триллион теңгенің өнімін өндіруге мүмкіндік береді", - деді ол. 

  • 11:17

    1 қаңтардан бастап Қазақстандағы ең төменгі жалақы 1,5 есе өседі – 28-ден 42 мың теңгеге дейін

    Назарбаев үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырды. 

    "Бұл барлық сала бойынша түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1 миллион 300 мың адамның еңбекақысын тікелей қамтиды. Бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысы көбейіп, орта есеппен 35 пайызға өседі", - деді Назарбаев. 

    Осы мақсаттарға 2019-2021 жылдарда республикалық бюджеттен жыл сайын 96 миллиард теңге бөлу керек.

    "Осыған орай, енді, ең төменгі жалақы ең төменгі күнкөріс шегіне байланысты болмайды", - деп мәлім етті мемлекет басшысы. 

  • 11:14
    Президент РК Нурсултан Назарбаев
    © Sputnik / Владислав Воднев

    "Бүгінде жаһандық және жергілікті проблемалар тоғыса түсуде. Мұндай жағдайда сын-қатерлерге төтеп берудің және мемлекеттің табысқа жетуінің кепілі елдің басты байлығы - адамның даму мәселесі болып отыр. Үкімет, әрбір мемлекеттік органның, мемлекеттік компанияның басшысы жұмыс тәсілдерін өзгертуі қажет", - деді президент. 

    Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі басты басымдыққа айналуға тиіс, деді мемлекет басшысы. 

    "Мен лауазымды тұлғаның жеке тиімділігін және қызметке лайықтылығын дәл осы өлшемге сәйкес бағалайтын боламын", - деді Елбасы. 

  • 11:09

    Соңғы 20 жыл ішінде елімізге 300 миллиард АҚШ доллары көлемінде тікелей шетел инвестициясы тартылған

    "Экономиканы өркендетудің негізі саналатын шағын және орта бизнес нығайып келеді. Дүниежүзілік Банктің бизнес жүргізу жеңілдігі рейтингінде Қазақстан 190 елдің ішінде 36-шы орынға көтерілді. Біз әрдайым сыртқы сын-қатерлерге дер кезінде назар аударып, оларға дайын бола білдік. Соған байланысты, мен елімізді жаңғырту жөнінде қажетті бағдарламалық бастамалар жасадым. Олардың жүзеге асырылуы табысты дамуымыздың негізгі факторына айналды", - деген президент стратегиялық мақсат 2050 жылға қарай әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына қосылу екенін айтты. 

    "Еліміздің инфрақұрылымын жаңартатын "Нұрлы жол" кешенді бағдарламасын іске асыруды бастадық. Үш жыл бұрын "100 нақты қадам" - Ұлт жоспарын жарияладық. Содан кейін еліміздің үшінші жаңғыруына кірістік. Оның басты міндеті - Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру", - деді Назарбаев. 

  • 11:06

    Назарбаев: Біз тәуелсіздік жылдары көп жұмыс атқардық.

    "2019 жылғы істелетін жұмыстарға арналған жолдауды бүгін жариялауға ұйғардым. Құрметті қазақстандықтар, осында отырған парламент депутаттары, үкімет мүшелері, шақырылған қонақтар, баршаларыңызбен жүздескеніме өте қуаныштымын", - деп бастады сөзін президент.

    Назарбаев тәуелсіздік жылдары экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи прогрессивті мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етті деді. 

    "Сапалы әрі тарихи маңызы зор құрылымдық, конституциялық және саяси реформалар жүргіздік. Қазақстанның халықаралық беделінің артуына және оның аймақтағы геосаяси рөлінің күшеюіне қол жеткіздік. Біз өңірлік және жаһандық проблемаларды шешу ісіне зор жауапкершілікпен қарайтын жауапты әрі қалаулы халықаралық серіктес ретінде танылдық. Қазақстан ТМД және Орталық Азия елдері арасынан "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесін өткізу үшін әлемдік қоғамдастық таңдап алған бірінші мемлекет болды", - деді Назарбаев.

  • 11:02

    Қазақстан президентінің Жолдауы басталды

    Президент Нурсултан Назарбаев во время ежегодного послания народу Казахстана
    © Sputnik / Владислав Воднев
  • 10:57

    Залдағылардан ұялы телефондарды өшіруді сұрап жатыр, 5 минут қалды

    В ожидании президентского Послания в Акорде
    © Sputnik / Владислав Воднев
  • 10:56

    Президент парламенттің төртінші сессиясының ашылуында кезекті Жолдауда қандай мәселелер қозғалатынын айтқан еді

    Нұрсұлтан Назарбаев парламент палаталарының бірлескен отырысы кезінде

    Президент кезекті Жолдауы не туралы болатынын айтты

    Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында сауда соғыстары, геосаяси жағдай, техникалық прогресс жайы көтеріледі
    Әрі қарай оқу
  • 10:54

    Елорда студенттері Назарбаевтың жолдауын тікелей эфирде тыңдайды

    Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауын онлайн режимінде тыңдау өтеді. Іс-шараға 400-ден астам мұғалім, университет қызметкерлері мен студенттері қатысады. Осыдан кейін арнайы кездесулер ұйымдастырылады, онда тілек білдірушілер мемлекет басшысының үндеуіне өз пікірін білдіреді.

  • 10:53

    Тазалық пен тәртіп: президенттің жолдауы алдындағы соңғы әзірлік шаралары

    В ожидании послания президента
    © Sputnik / Владислав Воднев
  • 10:47

    Алматы әкімі Байбек журналистердің сұрағына жауап берді

    В ожидании президентского Послания в Акорде
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Алдағы жолдаудан не күтетінін екінің бірі камераға айтып бере алмайды.

    "Не күтетінімді айта алмаймын, мұндайға түсініктеме беру қиын", - деп күлімсіреді Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек.

    Жолдаудан кейін үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді деп жоспарлануда. 

  • 10:45

    Ақорданың Facebook парақшасында жолдаудың онлайн-трансляциясы көрсетіледі

  • 10:42

    БАҚ өкілдері трансляцияны баспасөз орталығында көреді

    В ожидании послания президента
    © Sputnik / Владислав Воднев
  • 10:28

    Биыл президент жолдауын әдеттегідей парламентте емес, Ақордада жариялайды

    В ожидании послания президента
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Президент Ақорданың бірінші қабатындағы салтанатты залда жолдауын жариялайды. Жолдауды үкімет мүшелері, парламент депутаттары, әкімдер тыңдайды. 

    В ожидании президентского Послания в Акорде
    © Sputnik / Владислав Воднев
  • 10:21

    Ақордаға қонақтар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері келе бастады

    Журналисты в ожидании Послания Президента РК
    © Sputnik / Ксения Воронина

    Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы сағат 11.00-де басталады деп күтілуде.

    Ақордаға қонақтар мен бұқаралық ақпарат құралдары таңғы сағат тоғыздан жинала бастады. Айта кетейік, бүгін Астанада күн жылы.

    В ожидании президентского Послания в Акорде
    © Sputnik / Владислав Воднев
  • 10:12

    Президент бүгін жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауын жариялайды

    Нұрсұлтан Назарбаев

    Назарбаев Қазақстан халқына Жолдау жасайды

    Нұрсұлтан Назарбаев ертең жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған Жолдауын жариялайды
    Әрі қарай оқу
live
Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы - онлайн-репортаж
+
Тақырып:
Президент жолдауы-2018 (21)
Кілт сөздер:
Жолдау 2018, Қазақстан президенті, Елбасы, Ақорда, Назарбаев
Загрузка...

Басты тақырып