01:33 27 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD413.12
  • EUR452.86
  • RUB5.82
Саясат
Қысқа сілтеме алу
Президент жолдауы-2018 (21)
192020

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 5 қарашада халыққа жыл сайынғы жолдауын жасайды

президенттің алдыңғы жолдауларында не айтылғанын еске түсіруді ұсынады

Назарбаев Қазақстанның дамыған 30 ел қатарына қалай кіретінін айтты

Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылдың 18 қаңтарында жасаған жолдауында Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін не істеу керектігін сипаттады.

Ол алдағы 15 жылда қарқынды түрде алға жылжуға көптеген мүмкіндік болатынын нақтылады.

Президент Қазақстанға ЕЫДҰ — экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы стандарттарын енгізуді мақсат етіп қойды.

Ол экономикада жыл сайын ЖІӨ кемінде 4% өсуі керектігін қосты.

Президент Ұлттық банкке инфляция деңгейін шұғыл түрде 3-4%-ке дейін төмендетуді, ал үкіметке "Самұрық-Қазына" қорымен бірігіп мемлекеттік компаниялардың бәріне анализ жүргізуді тапсырды.

Қазақстан президенті "Нұрлы жол" бағдарламасының іске қосылғанын мәлімдеді

Президент 2014 жылы 11 қарашада жасаған кезекті жолдауында ғаламдық сынақтан өтетінімізді сезіп тұрғанын айтты.

Мемлекет басшысы Қазақстанның "Нұрлы жол" деп аталатын жаңа экономикалық саясаты туралы жариялады. Бұдан өзге Назарбаев банк секторын қайта қалпына келтіру мақсатында проблемалы несиелер қорын 250 миллард теңге (ескі бағам бойынша 1,3 миллион доллар — Sputnik) көлеміндегі қосымша капиталмен толықтыруды тапсырды.

Президент мұнайдың бір баррелінің бағасы 20 доллар болғанда не істеу керектігін айтты

Елбасы 2015 жылы 30 қарашада Қазақстан халқына жасаған кезекті жолдауында әлемде мұнайдан супер табыс жоқ екеніне назар аударды. Ол Қазақстанда қажетті мемлекеттік қор, сондай-ақ алтын валюта резервтері бар екенін айтып сендірді.

Президент өзінің тапсырмасымен мұнайдың бір баррелінің бағасы 30 және 20 долларға жеткен жағдайда жасалатын іс-әрекеттің бірнеше нұсқасы бар екенін айтып өтті.

Назарбаев дағдарысқа қарсы шараларға тоқталып, Бірыңғай жинақ қорын Ұлттық банк бақылауынан шығаруды, мұнымен қатар, зейнетақы активтерін жекеменшік қазақстандық және шетелдік компаниялардың басқаруына беруді тапсырды.

Мемлекет басшысы ұлттық валюта — теңгеге сенім артуға шақырды.

Назарбаев Қазақстанның үшінші жаңғыруы туралы мәлімдеді

Қазақстандық лидер 2017 жылы 31 қаңтарда жасаған жолдауында өзегі цифрландыру болған үшінші жаңғыру туралы жариялады.

Назарбаев "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасын жасап және оны қабылдап, ақпараттық технологияларды дамыту мәселесін ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

Президент үкімет пен ұлттық қауіпсіздік комитетіне "Қазақстанның киберқауіпсіздігі" бағдарламасын жасап шығаруды тапсырды. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық инвестициялық стратегияны құрудың қажеттілігін атап өтті.

Қазақстан басшысы барлық дәрі-дәрмек бағасын заңды түрде реттеп отыруды және Ұлттық банкке банк секторын жақсартуды тапсырды.

Президент қазақ терминдерінің аудармасын сынады

Қазақстан лидері 2018 жылы 18 қаңтарда жасаған жолдауында банк портфелін "жаман" несиелерден тазалауды соңына дейін жеткізуді тапсырды.

Ол бұдан былай зейнетақы жүйесінің еңбек өтілімен тығыз байланыста болатынын атап өтті.

Мемлекет басшысы білім саласында оқытуға және педагогтардың біліктілігін арттыруға көзқарасты өзгертуді талап етті және қазақстандықтардың болашағы қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруде екенін атап өтті.

Назарбаев әлемде жалпы қабылданған терминдердің қазақ тіліне аударылуына жеке тоқталды. Ол мысал ретінде "ғаламтор" (интернет), "қолтырауын" (крокодил), "күй сандық" (фортепиано) сөздерін алып, мемлекеттік тілді терминологиялық жақтан халықаралық деңгейге жақындатуды сұрады.

Тақырып:
Президент жолдауы-2018 (21)

Тақырып бойынша

Желіде президенттің алты айлық ұлымен түскен суреті қызу талқылануда
Дариға Назарбаева: президенттің денсаулығы жақсарып қалды
Әзербайжан жазушысы Назарбаев туралы роман жазып жатыр
Назарбаев Астана әкімінің тағайындалуына қатысты: бұл мәселеге зор мән беремін
Назарбаев Астана әкімін неге ауыстырғанын түсіндірді
Назарбаев Қарағандыда жас жұбайларға тосынсый жасады
Назарбаев жалақысы аз азаматтарға қандай көмек көрсетілгенін айтты
Кілт сөздер:
банк, жолдау, президент, Нұрлы жер, экономика, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып