15:24 09 Сәуір 2020
Тікелей эфир
  • USD435.54
  • EUR473.08
  • RUB5.76
Саясат
Қысқа сілтеме алу
405 0 0

Путин туған күнінде көптеген құттықтау жеделхатын алды, әріптестерінің кейбірі телефон арқылы құттықтады

АСТАНА, 7 қазан — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей басшысы Владимир Путинді туған күнімен құттықтады.  

Қазақстан президенті әріптесіне жеке өзі қоңырау шалды, деп жазды Кремлдің сайты.  

Назарбаев Ресей лидерімен қарым-қатынасы жайлы бірнеше рет жылы лебіз білдірген болатын. Екі ел басшысы ресми және бейресми кездесулерде көп жағдайда бірге көрінеді.

Сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Беларусь, Сербия, Израиль президенттері, Армения премьер-министрі және басқа да көптеген елдің басшылары телефон арқылы тілектерін білдірді.

Баспасөз хатшысының айтуынша, Владимир Путин туған күнін достарымен және отбасымен бірге тойлап жатыр.

Белгілі болғандай, Путин өзінің 66 жасқа толған туған күнінде дағыстандық аралас жекпе-жек шебері Хабиб Нурмагомедовты жеңісімен құттықтады. Ол бүгін ирландиялық Конор МакГрегорды төртінші раундта тұншықтыру әдісімен ұтқан болатын.  


Тақырып бойынша

"Белбеуім қайда?". Хабиб жекпе-жектен кейін байбалам салды
Назарбаев пен Путин не туралы сөйлесті?
Путин Назарбаевқа телефон соқты
Кілт сөздер:
туған күн, Хабиб Нурмагомедов, Владимир Путин, Назарбаев, Ресей, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып