09:10 20 Қазан 2018
Тікелей эфир
  • USD366.43
  • EUR420.11
  • RUB5.58
Ақорда

Назарбаев Келімбетовті қабылдады

© Sputnik / Болат Шайхинов
Саясат
Қысқа сілтеме алу
16 0 0

Кездесуде мемлекет басшысы "Астана" қаржы орталығының тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті барлық база жасақталғанын атап өтті

АСТАНА, 11 қазан — Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Кездесу барысында мемлекет басшысына "Астана" халықаралық қаржы орталығының қалыптасу барысы жөнінде мәлімделді.

Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі уақытта бұл қаржы құрылымының тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті барлық құқықтық және ұйымдастырушылық база жасақталғанын атап өтті.

"Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қазақстан президентінің АҚШ пен Қытайға биылғы ресми сапарлары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі жұмыстардың нәтижелері туралы баяндады.

Қ.Келімбетовтің айтуы бойынша, "Астана" халықаралық қаржы орталығы жұмысқа кіріскен кезден бері өзін халықаралық аренада танытып үлгерді. Халықаралық рейтинг агенттіктерінің мәліметтеріне сәйкес, бұл орталық әлемдік 100 қаржы орталығының ішінде 61-орынға, Шығыс Еуропа мен Орталық Азия өңірі бойынша 2-орынға ие болып отыр.

Сондай-ақ, кездесуде мемлекет басшысына жекешелендіру және Қазақстан компанияларының акцияларын IPO-ға шығару үдерісінде "Астана" халықаралық қаржы орталығы биржасының мүмкіндіктерінің пайдаланылуы жөнінде мәлімделді.

Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.


Тақырып бойынша

Назарбаев ешқашан да бос сөзге үйір болған емес – мемлекеттік хатшы
Назарбаев: Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы өзгелерге үлгі болатындай дәрежеде
Назарбаев Қасымов туралы: Ол адал да адамгершілігі мол жан
"Сендерге басқа не керек?" Назарбаев әкімдерге ескерту жасады
"Тағы айтамын!". Назарбаев мемлекеттің ешкімге тегін үй бермейтінін ескертті
"Шөп шықпаса да бәрібір". Назарбаев сапасыз мамандардың көбейіп кеткеніне ашуланды
Кілт сөздер:
"Астана" қаржы орталығы, Қайрат Келімбетов, Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырыптар