Саясат

Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанға барады

© Sputnik / Алексей Дружинин / Медиабанкке өтуНұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Сооронбай Жээнбеков
Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Сооронбай Жээнбеков - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан мен көрші елдің сыртқы істер министрлігі Назарбаевтың алдағы сапарын талқылады

АЛМАТЫ, 27 қазан – Sputnik. Екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қырғызстанға алдағы сапарын пысықтап жатыр. Бұл туралы РИА Новости Қырғызстан СІМ басшысы Шыңғыс Айдарбековке сілтеме жасап хабарлады.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев пен Жээнбеков қазақ-қырғыз шекарасын шегендеу туралы шартқа қол қойды

"Біз бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қырғыз Республикасына жасайтын алдағы ресми сапарының күн тәртібін мазмұндық жағынан дайындап, толықтыру жөніндегі жоспарларымызды талқыладық", — деді Айдарбеков Астанада Қазақстан СІМ басшысымен жүргізілген келіссөздердің қорытындысы бойынша журналистерге берген сұхбатында. 

Ол сондай-ақ қазақстандық әріптесі Қайрат Әбдірахмановты өз еліне ресми сапармен келуге шақырды.

Қазақстан сыртқы істер министрінің айтуынша, Назарбаев Қырғызстанға 2019 жылы барады. 


Жаңалықтар
0