12:07 15 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16
Дмитрий Медведев

Дмитрий Медведев Қазақстанға келеді

© Sputnik / Дмитрий Астахов
Саясат
Қысқа сілтеме алу
28 0 0

Екі елдің үкімет басшылары Байқоңыр кешені бойынша өзара әрекеттестік мәселелерін талқылайды

АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. 1 қарашада Ресей үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведев Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы бүгін сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин
© Официальный сайт Президента РК /

"1 қарашада Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведев Қазақстанға ресми сапармен келеді. Сапар барысында мемлекет басшылығымен кездесулер жоспарланған", — деді Смадияров апта сайынғы брифингте.

Ол екі елдің үкімет басшылары Қазақстан мен Ресей арасында сауда-экономикалық, өңіраралық, көлік-транзиттік және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту перспективалары мен олардың ағымдағы жағдайын, сондай-ақ Байқоңыр кешені бойынша өзара әрекеттестік мәселелерін талқылайтынын атап өтті. 

Сонымен қатар 2 қарашада Астанада ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді.

"Отырыста ТМД үкімет басшылары сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың, сондай-ақ мәдениет пен қаржы саласындағы өзара іс-әрекеттің көкейкесті мәселелерін қарастырады. Отырыс қорытындысы бойынша ядролық апат болған жағдайда дайындықты қамтамасыз етуге, салықтық-әкімшілік саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, ғарыш кеңістігін зерттеу және бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы бірлескен қызметті жүзеге асыруға, жылжымалы ұялы байланыс жүйесін дамыту және пайдаланудағы ынтымақтастыққа бағытталған бірқатар халықаралық шартқа қол қою жоспарланып отыр", —деді Смадияров.

Тақырып бойынша

Қазақстандық БАҚ Ресей жайлы қаншалықты шынайы жазып жүр – пікір
Қазақстан, Ресей және Өзбекстан президенттері Сарыағашта кездесті
Назарбаев: Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы өзгелерге үлгі болатындай дәрежеде
Қазақстан КСРО кезінде Ресей аумағында қалып қойған мұнайды қайтаратын болды
Ресей елшісі: Байқоңыр қаласы мен ғарыш айлағының болашағы зор
Кілт сөздер:
ресми сапар, ТМД, Дмитрий Медведев, Астана, Ресей
Загрузка...

Басты тақырып