Саясат

Украина президенті әскери жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойды

© Sputnik/Mikhail MarkivПрезидент Украины Петр Порошенко
Президент Украины Петр Порошенко - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Порошенконың жарлығына сәйкес, елдегі әскери жағдай бір жылға енгізіледі

АСТАНА, 26 қараша — Sputnik. Украина президенті Петр Порошенко Ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс кеңесінің (ҰҚКК) әскери жағдай енгізу туралы шешіміне қол қойды. 

Әскери қызметкер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанның Қытаймен шекарасында дабыл қағылды

Құжатқа сәйкес елдегі әскери жағдай осы жылдың 26 қарашасынан бастап келесі жылдың 26 қаңтарына дейін күшінде болады, деп хабарлады РИА Новости Украина президентінің сайтына сілтеме жасай отырып.

Елдің қарулы күштерінің бас штабына жартылай мобилизация жүргізу тапсырылды.

Сондай-ақ, Украина басшысының жарлығына сәйкес, Қауіпсіздік қызметі қарсы барлау, лаңкестікке қарсы және қарсы диверсия режимдерін, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті күшейтуі қажет.

Сонымен қатар, әскери жағдай Жоғарғы Раданың мақұлдауынан кейін ғана күшіне енеді.

Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі Азов теңізінде орын алған оқиғадан кейін елде әскери жағдай  енгізді.

Естеріңізге сала кетейік, таңертең Украина теңіз флоты кемелері Керчь бұғазының маңында ұсталғаны белгілі болды.

Содырлардың архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Саясат
Путин "Үшінші дүниежүзілік соғыс бола ма?" деген сұраққа жауап берді

Ресей Федеральды қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) мәліметінше, "Бердянск", "Никополь" және "Яны Капу" кемелері Теңіз құқығы туралы БҰҰ Конвенциясының 19 және 21-баптарын бұза отырып, Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен. Кемелер Ресейдің уақытша жабылған су аумағына кіріп, бірнеше сағат бойы ресейлік кемелердің талаптарына жауап бермей, маневр жасаған.

Үш украиналық кеме Ресей жағалауынан 20 шақырым қашықтықта  ұсталды.

Ұстау кезінде Украинаның үш әскери қызметкері жеңіл жарақат алды. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді.

Ресейде мемлекеттік шекараны бұзу туралы қылмыстық іс қозғалды, ел Азов теңізіндегі ахуал бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді сұрады.


Жаңалықтар
0