Саясат

Украинада әскери жағдай енгізілуде: бұл Қазақстанға қалай ықпал етеді?

© Photo : Пресс-служба пограничного управления ФСБ РФ по Республике Крым / Медиабанкке өтуҰсталған Украина кемелері Керчь портына жеткізілді
Ұсталған Украина кемелері Керчь портына жеткізілді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Украинаның он аймағында әскери жағдай енгізудің Қазақстанға қалай әсер ететінін анықтады

АСТАНА, 28 қараша — Sputnik. Әскери кемелерге қатысты оқиғаның салдарынан Украинаның он облысында және Азов-Керчь акваториясының ішкі суында 28 қараша сағат 09.00-ден (Астана уақыты бойынша сағат 13.00) бастап 30 күнге әскери жағдай енгізіледі. 

агенттігі мұндай жағдай нені білдіретінін және ол Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін екенін анықтады.

Әскери жағдай дегеніміз не?

Президент Украины Петр Порошенко - Sputnik Қазақстан
Саясат
Украина президенті әскери жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойды

Әскери жағдай – ерекше құқықтық режим. Әскери жағдайдың құқықтық режимі туралы заңға сәйкес, ол Украинаға қарсы қарулы агрессия немесе оған шабуыл жасалса, тәуелсіздікке және мемлекеттің аумақтық тұтастығына қауіп төнген жағдайда енгізіледі.

Әскери жағдайдың құқықтық режимі ішінара қолдануға болатын және бөлек бекітілетін 24 шектеу пунктін қарастырады.

Атап айтқанда, Украина парламенті бекіткен президент Порошенконың жарлығында сөз бостандығын шектеу немесе 2019 жылдың наурызында сайлау өткізуді тоқтату жайлы айтылмаған.

Сонымен қатар, әскери қолбасшылық саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың қызметі елдің егемендігіне, ұлттық қауіпсіздігі мен мүдделеріне қауіп төндіреді деп санаса, олардың жұмысына тыйым сала алады. 

 Украина ТМД-дан шығуға ұмтылуда

Заңда коменданттық сағат, аумаққа кіру және шығудың ерекше режимін енгізу мүмкіндігі қарастырылған, бұл украиндер мен шетелдік азаматтарға  ортақ тәртіп. Сондай-ақ, адамдардың  құжаттары мен жеке заттары тексерілуі мүмкін.

Осы жарлықта әскери қызметке жауапты адамдарды дереу жұмылдыру көзделмегенін айта кету керек, бірақ қажет болған жағдайда президент жартылай мобилизация жариялауы мүмкін.

Украинада әскери жағдай енгізуге не себеп болды?

25 қараша, жексенбіде Украинаның Әскери-теңіз күштерінің Бердянск, Никополь және Йани Капу кемелері Қара теңізден Керч өзеніне өтіп, Ресей шекарасын бұзды.

25қараша Ресейдің Федеральды қауіпсіздік қызметі Украина әскери-теңіз күштерінің "Бердянск", "Никополь" және "Яны Капу" әскери кемелері Ресей шекарасын бұзып, дереу тоқтауын талап еткенін хабарлады.

Кемелер Ресей жағалауынан шамамен 20 шақырым қашықтықта ұсталды.

Үш украиналық әскери жарақат алды. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. 

Әскери жағдайдың енгізілуі Қазақстан-Украина қарым-қатынасына қалай әсер етеді?

Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның шиеленісті болдырмауға бағытталған барлық шараны қолдайтынын айтты. Қазақстан Республикасы "теңдестірілген ұстанымды" жақтайды және Ресей және Украина тарапын барынша жауапкершілік танытуға шақырады.

Сонымен қатар, Сыртқы істер министрлігі Украинадағы жағдайды сол елдің аумағындағы Қазақстан азаматтарына, сондай-ақ ерекше жағдай кезінде екі ел арасындағы өзара іс-әрекеттің келешегіне қатысты бағалаудан бас тартты.

"Қазіргі уақытта Сыртқы істер министрлігі жағдайды зерттеп жатыр", — деп мәлімдеді Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында сыртқы саяси ведомство басшысының орынбасары Ержан Ашықбаев.

Ал инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек теміржол мен әуе қатынасының режимі өзгермейтінін растады.

"Бір апта бұрын болған режим сол күйінде қалады. Бізде Ресей арқылы (Украинаға) теміржолмен жүк тасымалдауға онсыз да бірнеше жылдан бері шектеу бар. Осы режимде жұмысты жалғастырамыз, әуе тасымалы бойынша ешқандай шектеу жоқ", — деді Қасымбек БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап бере отырып.

Жолаушылар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Әскери жағдайдың енгізілуі Украина мен Қазақстанның әуе қатынасына әсер ете ме?

Украина тарапы президенттің әскери жағдай енгізу туралы жарлығы елдің барлық аумағында экономикалық қызметке ешқкандай шектеу қоймайтынын мәлімдеді. 

Украинада әуе қатынасы тұрақты режимде және ешқандай шектеусіз жүзеге асырылады.

Әскери жағдай Украинаның 24 аймағының онына: Винница, Луганск, Николаев, Одесса, Сумы, Харьков, Чернигов, Херсон, Запорожье, Донецк облыстары мен ішкі теңіз суларына енгізілді. 


Жаңалықтар
0