18:10 14 Желтоқсан 2018
Тікелей эфир
  • USD370.04
  • EUR420.99
  • RUB5.58
Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев провел заседание Совета Безопасности

Назарбаев Ресей мен АҚШ арасындағы текетірестің елімізге әсері жайлы айтты

© Официальный сайт Президента РК /
Саясат
Қысқа сілтеме алу
83 0 0

Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik.  Ақордада өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында сыртқы факторлардың ұлттық қауіпсіздік ахуалына әсері және қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі мәселелер қаралды, деп хабарлайды Қазақстан президентінің ресми сайты.

"Қазақстанға әсер ететін сыртқы факторлардың бар екенін бәріміз білеміз. Солардың ішінде Ресей мен АҚШ арасындағы санкциялық текетірес, Қытай мен АҚШ арасындағы сауда шиеленісі, Сириядағы ахуал және басқа да жағдайлар бар. Осыған байланысты бізге мәселелерді талқылап, тиісті шаралар қабылдау қажет", – деді Қазақстан президенті.

Күн тәртібіндегі екінші мәселені талқылау барысында Қорғаныс министрі Н.Ермекбаев Қарулы Күштердің биылғы оқу жылындағы әскери дайындығының және өткізілген оқу-жаттығулардың негізгі қорытындылары, сондай-ақ әскердің жауынгерлік дайындығын арттыру жөнінде қабылданып жатқан шаралардың нәтижелері туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар, жиын барысында қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарын жаңғырту және қорғаныс өнімдерінің жаңа түрлерінің өндірісін игеру жөніндегі ұсыныстар қарастырылды.

Басқосу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.


Тақырып бойынша

Назарбаев АҚШ, Ресей, Қытай және Еуроодақты өзара түсінісуге шақырды
Назарбаев: Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы өзгелерге үлгі болатындай дәрежеде
Қазақстан мен Ресей Каспий теңізінде жаңа жобаны қолға алды
Кілт сөздер:
қауіпсіздік, Нұрсұлтан Назарбаев, АҚШ, Қытай, Ресей, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырыптар