Саясат

Назарбаев: Қазақтар – ең толерантты халық

© Sputnik / Анатолий УстиненкоҚыз бен жігіт
Қыз бен жігіт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда 130 ұлт-ұлыс және 18 діни ағым бар. Қазақстандықтардың әлемде сирек кездесетін кішіпейілдігі туралы Нұрсұлтан Назарбаев айтып берді

АСТАНА, 7 желтоқсан — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ халқының толеранттылығын оның тарихымен байланыстырды.

Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев провел заседание Совета Безопасности - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев Ресей мен АҚШ арасындағы текетірестің елімізге әсері жайлы айтты

Оның айтуынша, Қазақстан халқының өзге ұлт өкілдеріне деген сыйластығының себебі Еуропа мен Азия арасында орналасуы ғана емес.

"Еуропа мен Азия арасындағы көпір жалғыз Қазақстан емес. Ресейді де айтуға болады. Түркия да қақ ортасында тұр. Ұлы Жібек жолы да біздің территориямыз арқылы өткен. Оның ішінде Еуропа – Азия арасындағы ең ұзақ қозғалыс – 3 мың километр Қазақстан арқылы… Шығыстан Батысқа қарай халықтардың қоныс аударуы: сақ деп аталатын ежелгі ғұндар Алтайдан Жерорта теңізіне дейін қоныстанған, олардан кейін Түркі қағанаттары пайда болды – шығыс және батыс. Біз осы мемлекеттердің ұрпағымыз, көшпенділерміз, олар осы кең байтақ даланы мекендеп, ұрпақ тәрбиелеп өсіріп, осы аумақта экономиканың көшпенді түрін сақтап келді", — деді Назарбаев "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында.

Мемлекет басшысы атап өткендей, қазіргі Қазақстан жерінде болған халықтардың қоныс аударуы, басқыншылық, сауда керуендерінің әрқайсысы өзімен бірге қандай да бір мәдениетті, дінді, тілді алып келді.

"Мұндай толеранттылық – көп ғасырға созылған тарихымыздың жемісі. Сондықтан кез келген қазақты алсаң да, басқалардан қарағанда анағұрлым толерантты болып шығады", — деп ойын білдірді Қазақстан президенті.

Назарбаев атап өткендей, қазіргі таңда Қазақстанда 130 ұлт-ұлыс бар, өзара "ешқандай мәселе туындамайды".

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев: Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы өзгелерге үлгі болатындай дәрежеде

"Әлбетте, саясатымызбен де көрсетіп келеміз, өзінен-өзі емес, тарихи оқиғаларға байланысты осылай қалыптасты. Сондықтан бірлікте, тең құқықта өмір сүру – бұл береке, дамуға көмектеседі, теңдікке тәрбиелейді", — дейді ол.

Мемлекет басшысы Қазақстанда 18 ресми конфессия барын еске салды.

"Астанада жүрсеңіз, православ шіркеуін, католиктік шіркеуді, мұсылман мешітін, еврей синагогасын, будда ғибадатханасын көресіз. Адамдар ештеңеге алаңдамай өздері сенетін құдайға сыйынады. Ешкімнен қорықпайды. Меніңше, бейбітшілікте өмір сүру – үлкен бақыт. Соның арқасында Қазақстанға сенеді, сол себепті Әлемдік діндер съезін өткізуге біздің елден басқа жер табылмады", — дейді Назарбаев.

Ол еске салып өткендей, жақында Астанада  болған әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезіне 60-тан астам елдердің өкілі жиналған.

"Сауд Арабиясы, Мысыр және тағы басқа елдердің имамдары мен христиан дінінің ағымдары бас қосып, өзекті мәселені талқылағанын тыңдаған қандай жақсы. Құдай біреу дейді ғой, адамды Құдай жаратқан. Кісі өлтірсең, Құдайдың жаратқан тіршілік иесін өлтірдің деген сөз. Ал шындығында бәрі басқаша болып жатыр", — дейді Назарбаев.

Ол өркениеттерді жақындастыруда осындай конфессияаралық диалогтардың пайдасы зор екенін атап өтті.

"Қазақстандықтардың, қазақтардың толеранттылығы мен кішіпейілдігінің арқасында, біз береке-бірлік пен тыныштықта өмір сүреміз", — дейді Қазақстан президенті.

Жаңалықтар
0