10:57 15 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16
Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстанда екі аудан мен бір қаланың атауы өзгерді

© Photo : Официальный сайт президента Республики Казахстан
Саясат
Қысқа сілтеме алу
1056 0 0

Батыс және Шығыс Қазақстандағы аудандарға қазақша атаулар берілді

АСТАНА, 3 қаңтар — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Батыс және Шығыс Қазақстан облыстарындағы аудандардың атауын өзгерту туралы қаулы шығарды. Тиісті құжаттар Ақорда сайтында жарияланған.

Жарлыққа сәйкес, Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданы Бәйтерек ауданы болып қайта аталды. Ал Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданы және Зырян қаласының орнында Алтай ауданы мен Алтай қаласы пайда болды.

Құжаттар алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қыркүйекте Зыряновск атауының Алтай болып өзгертілуі туралы шешімді Шығыс Қазақстан облысы басшысы Даниал Ахметов қолдаған еді. Өңір басшысы атап өткендей, "бұл ауданның Алтай деп аталуға толық құқығы бар".

"Алтай – бұл бренд. Туристік бизнестің дамуына арқау болады. Ол үшін жол салып жатырмыз, енді миллиардтаған ақшаны туризмді дамытуға жұмсаймыз", — деп атап өткен еді Ахметов.

Тақырып бойынша

Бас прокуратура: Астана көшелерінің атауын қайта-қайта өзгертуді қою керек шығар?
Қарағандыда 18 көшенің атауын өзгерту талқыланған жиында жанжал шықты
Елбасы Ақмола облысындағы ауданның атауын өзгертті
Алматы тұрғындары Фурманов көшесінің атауын өзгертуге қатысты не дейді?
Назарбаев Астана атауын өзгерту ұсынысынан бас тартты
Кілт сөздер:
қала, атаулар, аудан, Ақорда, Назарбаев, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып