Саясат

Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

© Sputnik / Болат ШайхиновСерік Сәпиев
Серік Сәпиев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутат Серік Сәпиевтің өкілеттігін мерзімнен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданған еді

АСТАНА, 30 қаңтар — Sputnik. Серік Сәпиев ҚР мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды 

ҚР мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Серік Сәпиев ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. 

Бұл қызметте болған Серік Жарасбаев берген өтінішіне сәйкес қызметінен босатылды. 

Серік Сәпиев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Депутат Серік Сәпиев парламенттен кетті
Айта кетсек, бүгін мәжілістің пленарлық отырысында әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Серік Сәпиев депутаттық мандатын қайтарды. Мәжіліс депутатының мерзімнен бұрын өкілеттігін тоқтатуы мемлекеттік қызметке ауысуымен байланысты екені хабарланған еді. 

Серік Сәпиев 2017 жылдың 28 ақпанында мәжілістің VI шақырылымының депутаты болды. Бұған дейін Astana Arlans клубының бас директоры қызметін атқарған еді.

2014 жылы Брунель университетін ("Болашақ" бағдарламасының стипендиаты) тәмамдаған. 2016 жылы Қазақ спорт және туризим академиясының педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.

36 жастағы Серік Сәпиев Қазақстанның бокстан еңбегі сіңген спорт шебері, 2005 және 2007 жылдардағы әлем чемпионы. 2012 жылы ол Лондонда Олимпиада чемпионы болды.

Жаңалықтар
0