04:18 06 Сәуір 2020
Тікелей эфир
  • USD443.50
  • EUR479.47
  • RUB5.79
Саясат
Қысқа сілтеме алу
767 0 0

Мемлекет басшысы министрлер мен әкімдерге күндіз-түні жұмысты ойлауға кеңес берді

АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкімет отырысының соңында министрлер мен әкімдерді мақтап, оларға сенетінін айтты, деп хабарлайды тілшісі.

Үкіметтің кеңейтілген отырысының соңында министрлер мен әкімдер президенттен мақтау сөз естіді.

"Барлығыңды таңдап отырып тағайындадым: әкімдерді де, сендерді де (министрлерді). Сендер басқа мемлекеттік қызметкерлерді тағайындадыңдар. Сондықтан біздің бір-біріміздің алдымыздағы жауапкершілігіміз бірдей. Мен әрқайсыңды, қандай қабілеттерің, білімдерің мен тәжірибелерің бар, барлығын білемін. Бүгінгі үкімет қандай мақсат болса да, істей алады, қолынан келеді. Бірақ өзін-өзі қамшылап, жұмыс істеткізу керек. Күндіз-түні жұмысты ойлау керек", — деді Назарбаев отырысты қорытындылап. 

Осы орайда мемлекет басшысы қазақтың мақалын келтірді. 

"Айтқанның аузы жаман, жылағанның көзі жаман" деген сөз бар. Мен сендерді ренжітейін деп сұрап отырған жоқпын, сендерге сенгеннен кейін айтып отырмын", — деді Елбасы. 

Назарбаев үкімет пен әкімдерге бірігіп, халықтың табысын көтеріп, әл-ауқатын жақсартуды тапсырды.

"Қай өңірде халықтың тұрмысы, жалақысы өссе, сол аймақ жақсы. Міне, осындай критерий қою керек. Ол үшін стратегиялық мемлекеттік бағдарламалар, әсіресе, Ұлт жоспары, жолдаулар мен басқа да міндеттердің  сапалы әрі тиімді орындалуы үкіметтің басты міндеті болуы тиіс. Білімдерің де, жігерлерің де, бағдар да бар, оны орындайтын ресурстар да бар", — деп түйіндеді сөзін президент.


Тақырып бойынша

Президент министрлерге: Сендер бар болғаны қорқақсыңдар
Назарбаев әлеуметтік төлемдерді өсіруді тапсырды
"Кім көрінгенге бердік!" Назарбаев Ақышевқа неге ашуланды?
Көлік алуға кредит беретін "7-20-25" секілді бағдарлама әзірленеді
Досаев Назарбаевқа 2 миллион қазақстандықтың жалақысы өскенін баяндады
Кілт сөздер:
министрлер, үкімет отырысы, Назарбаев, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып