21:22 14 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.52
  • EUR429.21
  • RUB6.07
Бақытжан Сағынтаев

Үкіметтің отставкаға кетуі: Сағынтаев министрлерге алғыс білдірді

© Sputnik / Болат Шайхинов
Саясат
Қысқа сілтеме алу
1183 0 0

Премьер-министр үкіметтің отставкаға кетуі туралы хабарлады

АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Қазақстан Республикасы үкіметінің кезектен тыс отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев үкіметтің отставкаға кетуі туралы хабарлады. Бұл туралы үкімет басшысының ресми сайтында жазылған.

"Бақытжан Сағынтаев президент алға қойған міндеттерді іске асырудағы үйлесімді атқарылған жұмыс үшін үкімет мүшелеріне алғыс айтып, барлығына табыс тіледі", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін президент Нұрсұлтан Назарбаев үкіметті отставкаға жібергені туралы қазақстандықтарға мәлімдеме жасаған болатын.

Елбасы бұл маңызды шешімді қабылдауға не себеп болғанын атап өтті.

"Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысына жасалған талдау қорытындысы олардың орындалып жатқанын көрсеткенімен, көптеген маңызды бағыттар бойынша нақты нәтижелердің жоқ екенін аңғартты", - деді президент.

Назарбаевтың айтуынша, шағын және орта бизнес өсімнің қозғаушы күшіне айналмады, тұрғындардың нақты табысы өспеді, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тұрғындардың бір бөлігі атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылмаған.

Министрлер кабинетінің жаңа мүшелеріне қойылатын талаптар 27 ақпанда өтетін "Нұр Отан" партиясының съезінде айтылады.

Загрузка...

Басты тақырып