10:21 17 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD385.16
  • EUR425.95
  • RUB6.01
Нұрсұлтан Назарбаев мәжілістің пленарлық отырысында

"Адал әрі тәжірибелі азамат": Назарбаев бұрынғы премьер-министр Сағынтаев туралы айтты

© Официальный сайт Президента РК /
Саясат
Қысқа сілтеме алу
444810

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев парламент мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты

АСТАНА, 25 ақпан — Sputnik. Парламент мәжілісінің пленарлық отырысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің жаһандық дамудағы қиын-қыстау жағдайда экономикалық өсімге қол жеткізгенін атап өтіп, оның мүшелеріне атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді, деп хабарлады Ақорда.

"Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев туралы жеке айтып өтейін. Ол бұрынғы қызметінде – Павлодар облысының әкімі, экономика министрі, вице-премьер және бірінші вице-премьер ретінде өзін жақсы жағынан көрсетті. Адал әрі тәжірибелі азамат. Басқа салаларда да еңбек ете алады. Алайда жекелеген министрліктердің жұмысындағы, әсіресе әлеуметтік саладағы кемшіліктердің салдарынан бүкіл үкімет отставкаға жіберілді", - деді Қазақстан президенті.

Назарбаев атап өткендей, халықаралық аренадағы тереңдеп бара жатқан тұрақсыздық пен санкциялық қақтығыстар еліміздің әл-ауқатын арттыруда жаңа қадамдар мен шешімдер іздеуді талап етеді.

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы саяси жаңғыртудың нәтижелеріне тоқталып өтіп, соның аясында билік тармақтары арасындағы өкілеттіктің қайта бөлінгенін айтты.

"Үкімет барлық қажетті өкілеттікті алды, халық алдында міндеттерін нақты орындап, өз жұмысы үшін жауапкершілікті мойынына алуға тиіс. Бұл жауапкершілік бүкіл деңгейдегі әкімдерге қатысты, олар әлеуметтік және экономикалық бағдарламалардың тиімділігіне тікелей жауап береді. Халықтың арыз-шағымына тез жауап беріп, ең бастысы, шаралар қолдануы керек", - деді президент.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүзеге асырудағы парламенттің рөлін де ерекше атап өтті.

"Әңгіме заң жобаларын сапалы әзірлеу ғана емес, сондай-ақ маңызды мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды іске асыру жөнінде болып отыр. Бұл сонымен қатар тұрақты парламенттік мониторинг, үкіметтік емес сектормен диалогтік алаңқай құру, азаматтарға мемлекет қабылдап жатқан шараларды, оның ішінде заңнамалық шешімдерді түсіндіруге де қатысты", - деді Қазақстан президенті.

Мемлекет басшысы атап өткендей, жаңа үкімет мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруды жалғастырып, құқық қорғау және сот жүйесіндегі реформаларды аяқтап, халықтың проблемаларын шешіп беруі тиіс.

Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияның 44-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы премьер-министрі лауазымына тағайындауға келісім беру үшін Асқар Маминнің кандидатурасын парламент мәжілісінің қарауына ұсынды.

"Ол жұмыс істеген жылдары өзіне сеніп тапсырылған қызметтерде нақты нәтижелерге қол жеткізді. Асқар Ұзақбайұлы өзін тәжірибелі менеджер ретінде көрсетті. Жаңа Үкіметтің тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін Асқар Ұзақбайұлы Маминнің кандидатурасын лайықты деп санаймын", – деді мемлекет басшысы.

Парламент мәжілісінің депутаттары премьер-министр лауазымына Асқар Маминнің кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.

Пленарлық отырыс барысында Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Маминді Қазақстан Республикасының премьер-министрі лауазымына тағайындау туралы тиісті жарлыққа қол қойды.

Елбасы әлеуметтік саясатымыздың негізгі басымдықтары жөнінде айтып, индустриялық бағдарламаны орындау барысында отандық өндірісті дамыту қажеттігіне назар аударды.

Кілт сөздер:
мәжіліс, Асқар Мамин, Бақытжан Сағынтаев, Назарбаев
Загрузка...

Басты тақырып