Саясат

Назарбаев депутаттардың алдында Сағадиевті мақтады

© Sputnik / Болат ШайхиновЕрлан Сағадиев
Ерлан Сағадиев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы мәжілістің пленарлық отырысында Ерлан Сағадиевтің жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерді атап өтті

АСТАНА, 25 ақпан — Sputnik. Президент Нұрсұлтан Назарбаев парламент мәжілісінің пленарлық отырысында білім министрі міндетін атқарушы Ерлан Сағадиевті мақтады. Бұл туралы депутат Ахмет Мурадов айтты.

Ұлттық банк ғимараты - Sputnik Қазақстан
Саясат
Ақышев отставкаға кетті: Ұлттық банкті енді кім басқарады?

"Нұрсұлтан Әбішұлы бір ғана фамилияны атады – білім министрі Сағадиев. Оны мақтап қана қоймай, осы министрлікте атқарған жұмысының кемшіліктеріне де тоқталды", - деді Мурадов.

Назарбаев министрліктердің бірін таратып жіберді

Ведомстволардың басшылары қызметіне кандидатуралар, депутаттың сөзіне сүйенсек, "Нұр Отан" партиясының 27 ақпандағы съезіне дейін қаралуы тиіс. Оларды парламенттің төменгі палатасының комитеттері қарайды.

Президент Конституцияға сәйкес ішкі істер министрі, қорғаныс министрі және сыртқы істер министрін өзі тағайындайтын болады.

Дүйсенбі күні Қазақстанда бірқатар кадрлық тағайындау болды. Мәжіліс депутаттары үкімет басшысы лауазымына Асқар Маминнің кандидатурасын бірауыздан мақұлдады. Сонымен қатар сенат Ұлттық банк төрағасы қызметіне тағайындау үшін Ерболат Досаевқа дауыс берді.

Бұрынғы премьер-министр Сағынтаев енді қайда қызмет етеді?

Жаңалықтар
0