14:15 19 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.39
  • EUR431.71
  • RUB6.11
Бақытжан Сағынтаев

Сағынтаев "Нұр Отанның" саяси кеңесіне сайланды

© Sputnik / Владислав Воднев
Саясат
Қысқа сілтеме алу
1710 0 0

"Нұр Отан" партиясының XVIII сьезінде партияның саяси кеңесінің жаңа құрамы жария етілді

АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Бұрынғы үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев дауыс беру қорытындысы бойынша "Нұр Отан" партиясы саяси кеңесінің құрамына кірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін Астанада өткен "Нұр Отан" партиясының XVIII сьезінде партияның саяси кеңесінің жаңа құрамы жария етілді. Дауыс беру қорытындысы бойынша саяси кеңес құрамына экс-премьер Бақытжан Сағынтаев кірді.

Сонымен қатар, оның құрамына үкіметтің жаңа басшысы Асқар Мамин, президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Марат Тәжин, президент әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева, ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, спортшы Зүлфия Ғабидуллина, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова, сенат депутаты Сергей Громов, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, Астана әкімі Бақыт Сұлтанов, Алматы әкімі Бауыржан Байбек және тағы басқалары кірді.

Айта кетсек, саяси кеңес партияның жоғарғы өкілдік органы болып саналады. Саяси кеңес өкілеттігінің мерзімі төрт жылды құрайды.

Бұған қоса, съезд барысында "Нұр Отан" партиясы саяси кеңесі бюросының жаңа құрамы да бекітілді.

Жаңа құрамға сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, премьер-министр Асқар Мамин, президент әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешев, президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Марат Тәжин, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова, Астана әкімі Бақыт Сұлтанов, Алматы әкімі Бауыржан Байбек, сенат депутаты Дариға Назарбаева, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев, "Қазақстан Халық банкі" АҚ тәуелсіз директоры, директорлар кеңесінің төрағасы Александр Павлов кірді.

Тақырып бойынша

Үкіметтің отставкаға кетуі: Сағынтаев министрлерге алғыс білдірді
Бақытжан Сағынтаев туралы не білеміз
"Адал әрі тәжірибелі азамат": Назарбаев бұрынғы премьер-министр Сағынтаев туралы айтты
Сағынтаев отставкаға кеткеннен кейін мәлімдеме жасады – видео
Загрузка...

Басты тақырып