Саясат

Үндістан мен Пәкістан арасындағы ахуал: Қазақстан мәлімдеме жасады

© Sputnik / Владислав ВодневСыртқы істер министрлігі
Сыртқы істер министрлігі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан Республикасы тараптарды саяси-дипломатиялық диалог құруға шақырды

АСТАНА, 28 ақпан — Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Үндістан мен Пәкістан арасындағы әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Пуск ракеты-носителя Союз-ФГ с пилотируемым кораблем Союз МС-09 со стартового стола первой Гагаринской стартовой площадки космодрома Байконур , архивное фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
СІМ Байқоңырдан ресейлік әскерилердің кетуіне қатысты түсініктеме берді

Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, Қазақстан Үндістан мен Пәкістан арасындағы әскери-саяси жағдайға алаңдаушылық білдіреді.

"Қазақстан екі ел арасындағы ашық және конструктивті саяси-дипломатиялық диалог қазіргі дағдарыстан шығудың жалғыз тиімді және қолайлы жолы деп санайды", - делінген мәлімдемеде

Қазақстан Солтүстік және Оңтүстік Корея арасындағы саммиттің нәтижесіне қолдау білдірді

Қазақстан тараптарды ахуалдың одан әрі ушықтырмау үшін аймақтық және жаһандық қауіпсіздіктің негізгі мүдделеріне сүйене отырып, барынша сабыр танытып, халықаралық құқық нормаларын сақтауға шақырды.

Үндістан мен Пәкістан арасында не болып жатыр?

Кеше Пәкістан әскері мәлімдеме жасағандай, пәкістандық қарулы күштер Кашмир өңірінде Үндістанның екі әскери ұшағын жойған.

АҚШ туы - Sputnik Қазақстан
Әлем
Қытай АҚШ-тан арандатушылықты қоюды талап етті

Пәкістанның сыртқы істер министрлігі бұл елдің өзін-өзі қорғауға дайын екенін білдіреді деп түсіндірді.

Бұдан бұрын айтылған болжамдарға сүйенсек, Үндістанның әскери-әуе күштері Кашмирдегі "Джаиш-е-Мухаммад" террорлық ұйымы содырларының лагерлеріне шабуыл жасаған.

Қазақстан Ауғанстандағы террорлық актіге қатысты мәлімдеме жасады

Кашмир мәселесі екі елдің арасындағы жағдайды шиеленістіріп отырған негізгі себеп болып табылады.

Жаңалықтар
0