20:10 22 Наурыз 2019
Тікелей эфир
  • USD378.17
  • EUR429.11
  • RUB5.88
Бақытжан Сағынтаев

Бақытжан Сағынтаев "Самұрық-Қазына" директорлар кеңесінен шығарылды

© Foto : Пресс-служба премьер-министра РК
Саясат
Қысқа сілтеме алу
542 0 0

Бақытжан Сағынтаев "Самұрық-Қазына" директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды, енді кеңесті Асқар Мамин басқарады

АСТАНА, 7 наурыз — Sputnik. "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесін Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин басқарады. 

Үкімет қаулысымен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды primeminister.kz.

"Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесін Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин басқарады. Сонымен қатар қордың директорлар кеңесінің құрамына ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов кірді.

Кеңес құрамынан Бақытжан Сағынтаев пен Тимур Сүлейменов шығарылды.

Асқар Мамин 2019 жылдың 25 желтоқсанында Қазақстан премьер-министрі болып тағайындалды. Ол 1965 жылы 23 қазанда Целиноград қаласында дүниеге келді. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, Ресей үкіметі жанындағы халық шаруашылығы академиясын тәмәмдаған. Еңбек жолында біраз лауазымды қызмет атқарды. Әр жылдары көлік және коммуникациялар министрі, "Нұр Отан" партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы, Астана қаласының әкімі, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ президенті болды. Премьер-министр болып тағайындалғанға дейін үкімет басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Тақырып бойынша

Асқар Маминнің өмірбаяны
Бақытжан Сағынтаев туралы не білеміз
Сағынтаев "Нұр Отанның" саяси кеңесіне сайланды
Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік хатшы болып тағайындалды
Назарбаевтың тапсырмасы: Асқар Мамин Астана түбіндегі елді мекендерді аралады
Кілт сөздер:
Тимур Сүлейменов, Руслан Дәленов, Асқар Мамин, Бақытжан Сағынтаев
Загрузка...

Басты тақырып