20:04 20 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
Қасым-Жомарт Тоқаев

Сенат төрағасы Тоқаев президент міндетін уақытша атқарады

© Sputnik / Владислав Воднев
Саясат
Қысқа сілтеме алу
Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкасы (32)
1130 0 0

Президент мерзімінен бұрын өкілеттігін тоқтатқан жағдайда міндетін уақытша атқару сенат төрағасына жүктеледі

АСТАНА, 19 наурыз - Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатқаннан кейін, мемлекет басшысының міндетін сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев атқарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Президенттің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, оның өкілеттігі қалған мерзімі аяқталғанға дейін Сенат төрағасына беріледі. Содан кейін жаңа президент сайлауы болады. Қазір өздеріңіз білесіздер, парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. Оны сіздер жақсы білесіздер", - деді Назарбаев Қазақстан халқына жасаған мәлімдемесінде.

Мемлекет басшысы атап өткендей, Тоқаев Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының түлегі, ғылым докторы, ағылшын және қытай, француз тілдерін еркін меңгерген. Басшылық лауазымдарды қызмет етіп, мол тәжірибе жинаған. Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасу жылдарында сыртқы істер министрі, премьер-министрдің орынбасары және премьер-министр, сенат төрағасы болды.

"Елімізді, оның экономикасы мен саясатын жетік біледі. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары болып жұмыс істеді. Бұл – оның дипломат ретінде сіңірген еңбегінің және Қазақстанға деген зор сенімнің жемісі. Ол Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап менімен бірге жұмыс істеп келеді. Мен оны жақсы білемін. Жауапкершілігі жоғары азамат. Ол барлық бағдарламаны әзірлеуге және қабылдауға атсалысты", - деді Елбасы Тоқаев туралы.

Қасым-Жомарт Тоқаев туралы не білеміз?

"Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстанды басқаруға нағыз лайықты азамат деп сенемін", - деп сөзін түйіндеді Назарбаев.

Тақырып:
Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкасы (32)
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып