Саясат

Назарбаев өз көмекшісін тағайындады

Жазылу
Назарбаевтың шешімімен Елбасының көмекшісі және президент кеңсесінің басшысы тағайындалды

АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Абай Бисембаевты өзінің көмекшісі етіп тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.

"Абай Айдарханұлы Бисембаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Көмекшісі – Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқарушысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын", - делінген мәтінде.

Сонымен қатар, Махмұд Қасымбеков Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.

Айта кетсек, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жасап, президент ретіндегі өкілеттігін тоқтату жөнінде шешім қабылдағанын жария етті.

Тағы оқыңыз: Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтатты

Президенттің өкілеттігі қалған мерзімі аяқталғанға дейін сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа беріледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев ертең сағат 12:00-де парламент палаталарының бірлескен отырысында ант береді.

Жаңалықтар
0