08:57 18 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.94
  • EUR433.50
  • RUB6.10
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев президент болса, елдің бағы жанады – шетелдік саясаткер

© Sputnik / Болат Шайхинов
Саясат
Қысқа сілтеме алу
Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкасы (32)
5521 0 0

Орджоникидзе Қасым-Жомарт Тоқаевты мықты мемлекет қайраткері деп атады

АСТАНА, 19 наурыз — Sputnik. Президенттің міндетін уақытша орындаушы Қасым-Жомарт Тоқаев жақсы дипломат, мемлекет қайраткері деп атап өтті БҰҰ Бас хатшысының бұрынғы орынбасары Сергей Орджоникидзе.

19 наурызда Қазақстан халқына жасаған мәлімдемесінде Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтататыны туралы мәлімдеді. Қазақстан президенті міндетін уақытша атқару парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырылды.

"Бұл кісі менің орныма БҰҰ бас хатшысының орынбасары болған еді. Білімі терең, өте сауатты жан. Біздің елшілікте – Кеңес Одағының Қытайдағы елшілігінде қызмет етті. Ағылшын тілін де, қытай тілін де жетік меңгерген. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген. Елшілікте қытай тілін ең жақсы білетін адам сол еді", - деді Орджоникидзе РИА Новости агенттігіне пікір білдіріп.

Оның айтуынша, Тоқаев – "жақсы дипломат, мемлекет қайраткері".

"Бұл лауазымды кездейсоқ иеленіп отырған жоқ, ол шынымен өте мықты мемлекет қайраткері. Сондықтан ол президент болса, Қазақстанның бағы жанды деген сөз", - деп санайды Орджоникидзе.

Қасым-Жомарт Тоқаев туралы қызықты деректер

Тақырып:
Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкасы (32)

Тақырып бойынша

Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі - видео
Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяны
"Билік мені таңғалдырды": саясаткер Айдос Сарым пікір білдірді
Қасым-Жомарт Тоқаев ертең ант береді
Қазақстанды кім басқаруы мүмкін? Белгілі саясаттанушы болжам жасады
Кілт сөздер:
президент, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып