09:34 14 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.52
  • EUR429.21
  • RUB6.07
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин

Нығматулин парламент палаталарының бірлескен отырысын шақырды

© Sputnik / Болат Шайхинов
Саясат
Қысқа сілтеме алу
Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкасы (32)
183 0 0

Қос палатаның бірлескен отырысы ертең сағат 12:00-де өтеді

АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес парламент палаталарының бірлескен отырысы 2019 жылғы 20 наурызда сағат 12-де Астана қаласында шақырылсын", - делінген өкім мәтінінде.  

Айта кетсек, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жасап, президент ретіндегі өкілеттігін тоқтату жөнінде шешім қабылдағанын жария етті. Бірақ ол Қауіпсіздік кеңесі мен "Нұр Отан" партиясының басшысы болып қала береді.

Тағы оқыңыз: Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтатты

Президенттің өкілеттігі қалған мерзімі аяқталғанға дейін сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев ертең сағат 12:00-де парламент палаталарының бірлескен отырысында ант береді. 

Тақырып:
Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкасы (32)

Тақырып бойынша

Тоқаев үкіметтің отставкаға кетуіне қатысты пікір білдірді
Сенат төрағасы Тоқаев президент міндетін уақытша атқарады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан атауын өзгертуге қарсы шықты
Қасым-Жомарт Тоқаев туралы не білеміз?
Қасым-Жомарт Тоқаев ертең ант береді
Тоқаев президент болса, елдің бағы жанады – шетелдік саясаткер
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, парламент, Нұрлан Нығматулин, Назарбаев
Загрузка...

Басты тақырып