03:02 20 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD387.34
  • EUR428.44
  • RUB6.04
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев қандай саясат жүргізетінін мәлімдеді

© Foto : Пресс-служба сената парламента РК
Саясат
Қысқа сілтеме алу
805100

Жаңа президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына адал болуға сөз берді

АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бар күшін халық игілігіне жұмсайтынын айтып, еліміздің ендігі саясаты қандай болатынын мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

архивтегі сурет
© Foto : пресс-служба Сената парламента Республики Казахстан

Оның айтуынша, ол бар тәжірибесін Елбасының сындарлы саясатын жалғастыруға жұмсамақ.

"Алдағы миссияның бар жауапкершілігін сезіне отырып, бар тәжірибемді мемлекет басшысының стратегиялық бағытын жалғастыруды жоспарлап отырмын. Баршамызға ортақ мақсат – Елбасының басты саяси тарихи мұрасы, мемлекетіміздің тәуелсіздігін сақтау және нығайту", - деді Тоқаев.

Сонымен қатар жаңа президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өз еркімен өкілеттігін тоқтатуына қатысты пікірін білдірді.

"Президент ретінде өз еркімен өкілеттігін тоқтату арқылы Нұрсұлтан Назарбаев барша әлемге данышпан, ұлы саясаткер әрі демократиялық құндылықтарға шынайы берілген адам екенін көрсетті. Ол бойындағы осындай қасиеттерімен отандық және әлем тарихында ізін қалдырды", - деді ол.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың күші бірлікте екенін, ал өзі қазақстандықтарға адал қызмет етуге сөз беретінін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы Нұрсұлтан деп атауды ұсынды

"Мемлекеттің болашағы үшін маңызды сәтте барлығы Қазақстанды демократиялық және өркендеген мемлекетке айналдыру идеясында топтасуы керек. Алдымызда отанымыздың болашағы үшін атқаратын ауқымды және күрделі жұмыс тұр. Бар күш жігерімді, ел игілігіне жұмсауды, халқымызға адал қызмет етуді өзіме міндет деп есептеймін", - деп түйіндеді сөзін Қазақстанның жаңа президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев туралы не білеміз?

Тақырып бойынша

Назарбаевтың суреттері кабинеттерде сол күйі ілулі тұрады
Елбасыны қимаған танымал қазақ әншісі ағыл-тегіл жылады - видео
"Тағдырыма ризамын": Нұрсұлтан Назарбаев жайлы не білеміз? - фото
Назарбаев Ақордадан қайда көшеді?
Бекболат Тілеухан Назарбаевтың кеткенін естігенде көзіне жас алды
Мен өзімді баяғыдан Нұрсұлтан қаласының тұрғыны сезінемін – Бекболат Тілеухан
Кілт сөздер:
жаңа президент, саясат, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып