04:57 20 Мамыр 2019
Тікелей эфир
  • USD378.93
  • EUR423.00
  • RUB5.87
Еуроодақ туы

Еуроодақ Назарбаевтың отставкасына пікір білдірді

© AP Photo / Kirsty Wigglesworth
Саясат
Қысқа сілтеме алу
7042 0 0

Майя Косьянчич Назарбаевтың жаһандық ынтымақтастықты дамытуда маңызды рөл атқаратын тұлға екенін айтты

АСТАНА, 21 наурыз — Sputnik. Еуропа одағының сыртқы саяси қызметі жөніндегі ресми өкілі Майя Косьянчич Назарбаевтың отставкасы туралы пікір білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев
© Foto : Пресс-служба сената парламента РК
"Нұрсұлтан Назарбаев 30 жыл бойына конституциялық реформалармен қоса жаңғыру реформаларын жүзеге асырып, алға жылжытты. Ол – бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолғабыс етуге айрықша мән беріп, өңірлік, сонымен қатар жаһандық деңгейдегі ынтымақтастықты дамытуда маңызды рөл атқарған тұлға", - деді М.Косьянчич.

 Сонымен қатар шетелдік ресми өкіл Қазақстан Еуропалық одақ үшін осы аймақтағы маңызды әріптес ел болып қала беретінін баса айтты.

"Еуропа одағы үшін осы өңірдегі маңызды серіктестің бірі Қазақстан болып қалады береді. Өйткені ол Орталық Азия елдерінің ішінде ЕО-мен кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге ең бірінші қол қойған еді. Еуропа одағы Қазақстанның ең бірінші сауда серіктесі әрі инвесторы болып саналады", - деді ол.

Тақырып бойынша

Назарбаев дәуірі - президенттің 30 жылдық еңбегі бір видеода
Нұр-Сұлтан: елордалық депутаттар қала атауын өзгертуді қолдады
Жаңа президент үкімет басшысы Маминге қандай тапсырма берді
Президент Тоқаев Ақордада алғашқы кеңес өткізді
Нұрсұлтандықтар құжаттарын қашаннан бастап ауыстыратыны белгілі болды
Нұрсұлтан Назарбаев Астана атауын өзгерту туралы не айтты?
Кілт сөздер:
еуропа, отставка, Назарбаев
Загрузка...

Басты тақырып