05:19 15 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.62
  • EUR429.98
  • RUB6.06
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстанның жаңа президенті алғашқы жұмыс сапарын бастады

© Photo : пресс-служба сената
Саясат
Қысқа сілтеме алу
2354 0 0

Қасым-Жомарт Тоқаев республика көлеміндегі алғашқы жұмыс сапары аясында Түркістан қаласына барды

НҰР-СҰЛТАН, 23 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түркістанға барды, деп хабарлады премьер-министрдің ресми сайты. 

"Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы жұмыс сапарын қасиетті Түркістаннан бастады. Сапар барысында облыс орталығы құрылысының барысымен танысып, бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралап, өңірдің жұртшылық өкілдерімен кездеседі деп жоспарланып отыр", — делінген хабарлама мәтінінде.

Естеріңізге сала кетейік, 16 наурызда Түркістандағы құрылысты қадағалауға Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин барған еді.  

Түркістан 2018 жылдың 19 маусымында бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысы деп аталған Түркістан облысының орталығы болып, облыстық маңызы бар қалаға айналды.

Оңтүстік Қазақстан облысының бұрынғы орталығы Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесі беріліп, Астана мен Алматыдан кейінгі үшінші мегаполис атанды.  

Тақырып бойынша

Астана Нұр-Сұлтан деп өзгереді: министрлік көпті мазалаған мәселеге нүкте қойды
Әлемдік көшбасшылар Тоқаев туралы не ойлайды?
Тоқаев Тәжікстан және Армения президенттерімен не туралы сөйлесті?
Жалақы 1 шілдеде көтерілмейді: Тоқаев үкіметке тапсырма берді
Президенттікке дейін: Тоқаевтың елді елең еткізген мәлімдемелері
Кілт сөздер:
жұмыс сапары, Түркістан, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып