20:54 06 Сәуір 2020
Тікелей эфир
  • USD443.50
  • EUR479.47
  • RUB5.79
Саясат
Қысқа сілтеме алу
1268620

Мемлекет басшысы Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды

НҰР-СҰЛТАН, 23 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде заң үстемдігін нығайту қажеттігін мәлімдеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі twitter-дегі парақшасында жазды.

Мемлекет басшысының пікірінше, қоғамдағы әділеттілік, ең алдымен, атқарушы билікке байланысты.

"Үкіметтің, министрлердің, барлық деңгейдегі әкімдердің, полицияның, прокуратураның, соттардың басты мақсаты – азаматтардың құқығын қорғау. Мұндағы менің басты ұстанымым анық, айқын. Бұл – заңның үстемдігі. Заңнан жоғары ешнәрсе болмауы керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан жұртшылығымен кездесуде.

Президенттің айтуынша, егер орталық және жергілікті органдардың басшыларына қатысты орынды шағым түскен жағдайда олардың бәрі жазаланады.

"Сондықтан басшылар халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі қажет. Жылына бір рет ұйымдастырылатын есеп беру кездесулері – көзбояушылық. Халықпен күн сайын бірге болып, қоян-қолтық жұмыс істеуі керек. Жемқорлықпен күрес күшейе түседі", - деп түйіндеді сөзін мемлекет басшысы.

Тақырып бойынша

Тоқаев Айдос Үкібайды қызметінен босатты
Тоқаев бұрынғы министрді көмекшісі етіп тағайындады
Тоқаев Тәжікстан және Армения президенттерімен не туралы сөйлесті?
Тоқаев Астананың атауын өзгерту туралы жарлыққа қол қойды
Жалақы 1 шілдеде көтерілмейді: Тоқаев үкіметке тапсырма берді
Кілт сөздер:
әкімдер, Түркістан облысы, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып